Дәнекерлеуші мамандар шеберліктерін шыңдайды

Дәнекерлеуші мамандар шеберліктерін шыңдайды
26.07.2017
751
Қызметкерлер

Дәнекерлеуші мамандар шеберліктерін шыңдайды

Дамып жатқан техника және технология жетістіктерімен қатар жүру мұнай-газ саласы үшін де өте маңызды әрі қажет. Себебі бұл уақыт талабы. Дәнекерлеу өндірісі де жаңаруда. Бұл орайда жұмысшы мамандардың кәсіби шеберлігін көтеру ұдайы назарда болатын іс.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ қарасты «Кен-Құрылыс-Сервис», «ӨзенМұнайСервис», «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» жауапкершілігі шектелген серіктестіктерінің дәнекерлеуші мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдау үшін теориялық және тәжірибелік оқу курсынан өтеді. 
Компаниялар дәнекерлеу мамандары заманауи өндірістік дәнекерлеу негіздері бойынша білімдерін нығайтатын болады.  
«Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС персоналды басқару және еңбекақы төлеу бөлімінің бастығы Гүлмира Кульчарованың айтуынша, «Кен-Құрылыс-Сервис», «ӨзенМұнайСервис», «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» мекемелерінен дәнекерлеу мамандары оқытылады. Олар алдымен теориялық және тәжірибелік сынақ тапсырып, содан соң оқуға кіріседі. Оқудың алғашқы үш күні теориялық, жеті күні тәжірибелік тұрғыда өтеді. «Кен-Құрылыс-Сервис» мекемесінің залында теориялық оқу өткізіледі, ал, «Жөндеу құрылыс» басқармасының базасында  тәжірибелік сабақ өтетін болады. Оған қажетті дайындық шаралары жасалуда. 
«Кен-Құрылыс-Сервис» мекемесінің бас технологы Сейдалы Паизовтың айтуынша, осы кәсіби оқыту бойынша мамандар дәнекерлеуді жартылай автоматты жабдықта атқаруға машықтанатын болады. Бұл жұмысты жеңілдетеді, сапасын жақсартады. Қауіпсіздік жағынан да тиімділігі болады. Жұмыс уақытының жылдамдығын арттыруға септік етеді. Ескі құрылғымен еңбек  етуден, жаңа жартылай автоматты жабдықта жұмыс істеуге оқып-үйренудің сөз жоқ, пайдасы мол. 
«ӨзенМұнайСервис» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Сәрсенбай Бекмамбетовтің айтуынша, бұл оқу-тәжірибе шарасы дәнекерлеуші мамандардың кәсіби деңгейін көтеруге септік етеді. «Оларды жартылай автоматты жабдықтармен жұмыс жасауға үйретеді. Бүгінде ӨМС өндірістік жабдықтары да қолданылатын материалдар да жаңару үстінде. Дәнекерлеу аппараттары да өзгеруде. Мекемеде жаңа база салынғалы жатыр. Сондықтан мамандардың да заман ағымына қарай қатар дамуы қажеттілік», – дейді ӨМС басшысының орынбасары. Дәнекерлеу ісі өндірісте өзіндік маңызы зор саланың бірі.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх