Арнайы техникалар жаңартылуда

Арнайы техникалар жаңартылуда
26.07.2017
1127
Өндіріс

Арнайы техникалар жаңартылуда

Қазіргі таңда «Өзенмұнайгаз» АҚ балансында 1471 бірлік автокөліктер бар. Олар 8 транспорт басқармаларында, яғни, №1,2,3,5 СҚКБ, ТТБ, АТБ, ХжЭБ және БЖБ өндірістік құрылымдық басқармаларында шоғырланған.

Аталған көліктердің 527 бірлігі (35,8%) 10 жылдам астам уақыт пайдалану мерзімін өтеп, амортизациялық құны толықтай өтеліп, тозығы жеткендіктен жаңартуды талап етіп тұр. Алайда, барлық техникаларды жаңарту бір жылдың шеңберіне сыймайтындықтан, «Өзенмұнайгаз» АҚ басшылығы арнайы көліктерді 2017-2021 жылдар аралығында  жаңартуды көздеп, бес жылдық мерзімді қажет ететін жоспарды бекіткен болатын. Аталған жоспар «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшылығы тарапынан қолдау тауып, жедел жүзеге асырыла бастады. Өткен 2016 жылы 50 дана арнайы техника жаңартылып, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Бас директоры Қ.Есқазиев аталған жылдың соңында арнайы көліктің кілтін әр жүргізушіге өз қолымен салтанатты түрде табыстады.  
Биыл «Өзенмұнайгаз» АҚ бюджетінде 124 бірлік техника сатып алу жоспарланып отыр. Бүгінгі күні 89 арнайы техника сатып алу тендерлері өтіп, келісім шарттар жасақталды. Күні кеше 13 арнайы техника орталық базамызға келіп,  қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету бағдарламасына сай, 50 дана арнайы техниканы алу үшін Көкшетау «КамАЗ-Инжиниринг» АҚ-мен және 29 арнайы техниканы алу үшін «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-мен келісім-шарт жасақталды.
«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы басшылығы арнайы техникаларды жаңалауды өндірісті алға қарай дамытудағы алғы шарт ретінде назарда ұстап, көліктерді жаңарту үстінде. Жаңа техникамен мұнай өнімділігінің анағұрлым артатыны сөзсіз.

Болат Бекжанов, «Өзенмұнайгаз» АҚ, Транспорт департаменті директоры

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх