Қаражанбас мұнайшылары ‘‘ЭКСПО-2017’’ көрмесінде

Қаражанбас мұнайшылары ‘‘ЭКСПО-2017’’ көрмесінде
26.07.2017
609
Әлеумет

Қаражанбас мұнайшылары ‘‘ЭКСПО-2017’’ көрмесінде

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ компаниялары тобының мұнайшылары «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауды жалғастыруда. «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы» ЖШС, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС мен «Argymak Trans Service» ЖШС-нің қызметкерлері де Астанаға келіп, «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы дүниежүзілік көрмені аралады. Маңғыстау өңірінен келген мұнайшылар балама энергия көздерін пайдаланатын жаңа технологиялар және техникалық жетістіктермен танысты. Көрмеден алған өз әсерлерімен бөлісіп, пікірлерін білдірді. 

Исламбек Мұханов, «Қаражанбасмұнай» АҚ:

– Мен «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамы-ның газ цехында газшы болып жұмыс істеймін. Астанадағы ЭКСПО көрмесіне Ақтау қаласынан келіп отырмыз. Бәрі жақсы, тамаша. Сапарымыз керемет өтіп жатыр. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясына рахметімді айтамын. 

Құралай Ақжігітова, «Қаражанбасмұнай» АҚ:

– Мен ғылыми-зерттеу өндірістік жұмыстар цехында лаборант болып жұмыс жасаймын. ЭКСПО көрмесін аралап жүрміз, өте керемет, әдемі. Маған ұнап жатыр. Көретін дүниелер көп екен. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ мен «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығына рахмет. 

Еркінбек Есенов, «Argymak Trans Service» ЖШС:

– Мен Қаражанбасмұнайға қарасты «АрғымақТрансСервис» мекемесінде машинист болып жұмыс жасаймын. Маңғыстау облысынан ЭКСПО-ға көрермен ретінде келдік. Сапарымызды ұйымдастырып, жолымызды көтеріп, жағдайымызды жасап жатқан басшыларға алғысымызды білдіреміз. Ғылымдағы соңғы жетістіктерді көріп біліп жатырмыз. Бәріне ризамыз.

Рашит Әділов, «Argymak Trans Service» ЖШС:

– ЭКСПО көрмесінен керемет әсер алдық. Жанға жайлы жақсы көріністермен, дамыған технологиялармен танысып, біліп жатырмыз. Ұжым атынан басшыларымызға, әкімшілікке бізді көтермелеп, демеу көрсетіп жатқандары үшін алғыс айтамыз. Бүкіл Маңғыстаулықтарға сәлем! 

Шаяхмадин Бисембаев, «Argymak Trans Service» ЖШС:

– Жақсы демалып, көрме жайлы жақсы насихат алдық. Көрме ғимараттарының іші әдемі көріктелген, бәрі ұнап жатыр. Өзімізге біраз ой түйдік. ЭКСПО-ға жолдама сыйлаған басшыларға рахмет айтамыз.

Марат Тілегенов, «Argymak Trans Service» ЖШС:

– Қаражанбас кен орнында автомобиль жүргізуші болып жұмыс жасаймын. Жақсы қыдырыста болып жатырмыз. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясы «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне сапарымызды жақсы ұйымдастырыпты. Тәуір-тәуір жерлерді көрдік, бәрін түсіндіріп жатыр бізге. Баршаңызды ЭКСПО көрмесін көруге шақырамын. 

Кенжебек Измағамбетов, «Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы» ЖШС:

– Ұңғымаларды жөндеу шебері болып жұмыс жасаймын. ЭКСПО бізге ұнап жатыр, жақсы шара екен. Әр елдің павильондарын аралап, керемет әсер алдық. Ғылымдағы соңғы жаңалықтармен таныстық.  

Лазер Бишехан, «Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы» ЖШС:

– Маңғыстау облысы, Ақтау қаласынан келдік. Қаражанбасмұнай мекемесінің Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасында ішкі коммуникация бөлімшесінің жетекші маманы болып жұмыс істеймін. Астанаға ЭКСПО-ны көру үшін мекемеміздің атынан 73 адам болып келген едік. Көрмені тамашалаудамыз. Көрме тақырыбы жасыл технологияларға арналыпты. Алған әсеріміз керемет. Шараны ұйымдастырып, біздің келуімізге себепші болған «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясына алғысымыз шексіз.

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх