Қазгермұнай мұнайшылары ‘‘ЭКСПО-2017’’ көрмесінде

Қазгермұнай мұнайшылары ‘‘ЭКСПО-2017’’ көрмесінде
26.07.2017
1044
Әлеумет

Қазгермұнай мұнайшылары ‘‘ЭКСПО-2017’’ көрмесінде

Жэнь Лисинь, генеральный директор ТОО «СП «Казгермунай»:

– Тема текущей выставки - «Энергия будущего» – как нельзя лучше соотвествует запросам мирового сообщества в рамках современного развития. Эта выставка показывает, что без прогрессивных ученых, новейших научных разработок сегодня ни одно государство не сможет продолжить движения вперед! И Казахстан не исключение. Ведь те ресурсы, которыми так щедро наградила вашу землю природа, увы, исчерпаемы. Поэтому, и тема выставки, и те недавние заявления руководства страны о планах по развитию «зеленой экономики», сегодня весьма актуальны.

Болат Ақан, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, Ақсай кен орнының мұнай және газ өндіру учаскесінің шебері:

– Әлемдік маңызы бар іс-шараға болған соң ұйымдастырушыларға мемлекет алдында үлкен мақсат және жауапкершілік, міндеттер тұратыны анық. Көрменің ойдағыдай өтуі үшін елімізде барлық жағдайлар жасалған. Көрме маған қатты ұнады, барлық  павильондарды аралап шықтым. Экспо көрмесі жөнінде естіп білген бір басқа да, көзбен көргендегі сезім мүлде басқаша екен. Бізге осындай көрмені тамашалауға мүмкіндік берген басшыларымызға алғысымыз шексіз. 

Олжас Өтегенов, «Қазгермұнай» БК» ЖШС контроллинг бөлімінің жетекші маманы:

– ТМД елдері арасында ең бірінші болып біздің еліміз ұйымдастырып жатқан соң болар өзімнің EXPO-ны көруге деген құлшынысым ерекше болды. Сол құлшынысым толықтай ақталды. Біріншіден, жалпы көрме территориясының жабдықталуы өз орнына бір үлкен әңгіме, өйткені құдды бір Еуропаның дамыған елдерінің құлпырған, әсем және ерекше талғаммен безендірілген көшелерінде жүргендей керемет әсер аласың. Екіншіден, «Нұр Әлем» павильоны өзінше бір дүние, себебі бабаларымыздың сан ғасырлар бойы жинақтаған дала мәдениеті мен ғылымын бір алаңға керемет жинақтаумен қатар, қазіргі ғалымдарымыздың еңбектерін және табиғаттың бізге берген энергия көздерін бір ортаға шоғырландырып керемет шолу жасай білген. Үшіншіден, шетел павильондарынан ерекше көркемдігімен және қайталанбастығымен есте қалғандары – Малайзия елінің тропикалық орманы, Германия елінің су көмегімен электр қуатын өндіру барысын көз алдыңда көрсетуі, Монако елінің қозғалмалы айналары мен VR көзілдірігімен әп-сәтте Монакоға саяхат жасауың және бүкіл павильон территориясын жел турбинасының миниатюрасымен безендірген Швейцария елі. Сөз жоқ, Du Soleil халықаралық циркі, ұйымдастырушылардың «Нұр Әлем» шарына проекцияланған түнгі шоуы және жарқ-жұрқ етіп от шашып әсем әуенге билейтін фонтандар көрмеде жүріп алған бір күндік әсерлеріңді одан сайын еселеп EXPO-ға қайтадан келу керек деген ынта-жігеріңді арттырады.

Сәкен Оразов, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, Нұралы кен орнында қабат қысымын ұстау учаскесінің шебері:

– «Қазгермұнай» компанияының бір топ қызметкерлері болып ЭКСПО көрмесіне келіп жатырмыз. Көрменің Германия, Монако, Ресей, Корея елінің павильондары өзіме ерекше ұнады. Мен өте қуаныштымын. Бізге мүмкіндік берген компания басшылыға рахметімді айтамын.

Елена Мелихова, специалист 1 категории отдела казначейства:

– В первую очередь я хочу поблагодарить руководство ТОО «СП «Казгермунай» за предоставленную возможность посещения международной выставки ЭКСПО-2017. Выставка организована на очень достойном уровне, контент выставки очень впечатляет своим разнообразием и уникальностью. Я бы всем рекомендовала не упускать такую возможность и посетить ЭКСПО-2017 у нас на родине, в нашей столице.

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх