Қолынан іс келетін адам бағалы

Қолынан іс келетін адам бағалы
26.07.2017
408
Қызметкерлер

Қолынан іс келетін адам бағалы

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты АжТБ жұмыс жасайтын Сүндетбай Көнебаев өзбек елінде дүниеге келді. Еліміз тәуелсіздік алған соң, жер жерден атамекенге ағылған нұрлы көшпен бірге Сүндетбай да Маңғыстауға оралды.

Ол 1995 жылы «Мангышлак-нефть» өндірістік бірлестігі «УНУ» (Өзен реттеу басқармасы) №1 цехқа Автоматика және өлшеу аспаптарын бақылау бойынша 3-ші дәрежелі жөндеушісі болып жұмысқа орналасты. Өзінің жұмысқа деген құлшынысының арқасында Сүндетбай мамандығы бойынша 6-дәрежелі жөндеуші болып жоғарылады.
Бүгінде ол аталған басқарманың №6 кешенді реттеу автоматикасы цехында БӨАжА 1-категориялы инженер болып, абыройлы қызмет атқаруда. Кез келген адамның өмірден алатын орны бар. Ұжымдастары Сүндетбайды жауапты жұмыскер ретінде таниды.
Еңбекқор Сүндетбай өзінің «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы сияқты қуатты компанияда жұмыс жасайтынын мақтан етеді. Қолынан іс келетін адам қай жерде де сыйлы, бағалы.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх