«Еңбегімен ер сыйлы»

«Еңбегімен ер сыйлы»
26.07.2017
349
Қызметкерлер

«Еңбегімен ер сыйлы»

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы, №1 Мұнай газ өндіру басқармасы, №1 Скважиналарды жерасты жөндеу цехы, № 4 Скважиналарды жерасты жөндеу бригадасының аға операторы Мұратбай Аққұшақов пен Болат Омаров сайын дала төсінде мұнай өнімін өндіруде барынша зор үлес қосып жүрген білікті мамандар.

Осы салада Мұратбайдың жұмыс жасап жүргеніне 32 жыл болса, Болаттың еңбек етіп жүргеніне 8 жыл толыпты. Тәжірибелі аға оператор жас маманды баулып, қызығы мен шыжығы қатар жүретін операторлық кәсіптің қыр-сырын түсіндіруде еш жалыққан емес. Олар ынта-жігермен іске кіріскен жандардың ғана табысқа жететінін білетіндіктен, өзара түсінісіп жұмыс жасайды. Алла Тағаланың өзі пенденің әрекетіне сай берекет беруші емес пе?!
«Еңбегімен ер сыйлы, өнбегімен жер сыйлы» демекші, қазыналы мекенде ел игілігі үшін тер төгіп жүрген мұнайшының кәсібі елдегі ең құрметті мамандықтың бірі болған және болып қала береді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх