Ширек ғасыр... KIOGE 25 жыл

Ширек ғасыр... KIOGE 25 жыл
23.08.2017
546
Экономика

Ширек ғасыр... KIOGE 25 жыл

Қазақстандық “Мұнай және Газ” - KIOGE халықаралық көрме мен конференциясы осы жылы өзінің 25 жылдығын атап өтуде. Алғашқы іс-шараны жүргізген уақыттан бастап іс-шараға Үкіметтің басшылары, түрлі елдердің министрлері қатысты. Алғашқы жылдары көрмені Қазақстан Республикасының Президенті өзі ашатын. 

Негізі, KIOGE Қазақстан аумағындағы алғашқы халықаралық салалық экспо-іс-шарасы болып табылады. Іс-шараның түрлі жылдарында Chevron, BG, Shell, NCOC, KPO, ExxonMobil, Total, Теңізшевройл, Лукойл, Statoil, OMV, Газпром және әрине, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы сияқты әлемдік алпауыттар қатысушылары болатын. Көптеген қатысушылардың жобаға деген ықыласының адалдығын атап өту қажет және олар Алматыда 4-6 қазанда өтетін KIOGE мерейтойында өздерінің экспозициясын ұсынуға дайын. 

Негізі қаланған уақыттан бастап KIOGE көрмесі мен конференциясы Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің, Алматы қаласы Әкімдігінің, “ҚазМұнайГаз” Ұлттық компаниясы” АҚ, Қазақстанның Сервистік Компаниялар Одағының қолдауымен және қатысушы елдердің дипломатиялық міндеттері мен  Қазақстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының  жыл сайынғы қатысуымен жүргізілуде.

Ұйымдастырушылардың барлығы жақсы көретін жобаның 25-жылдығына қалай дайындалып жатқандығы туралы алдын-ала айтып өтсек. Конференцияның іскерлік бағдарламасын алатын болсақ, ол екі күндік іс-шараны болжайды, соның аясында бірнеше сессиялар, дөңгелек үстелдер және ресми құжаттарға қол қоюдың салтанаты өтеді.

Конференцияның пленарлық сессиясы Қазақстанның мұнай-газ саласының құрылуын шолуға, оның ағымдағы жағдайын бағалауға арналады, сонымен қатар, сарапшылар көмірсутектің болашағына қатысты өздерінің пікірлерімен бөліседі. Одан әрі конференцияның жұмысы тар тақырыптар бойынша отырыстар форматында жалғасады, осылайша қатысушылар технологиялық инновациялардың және экономикалық тиімділіктің тұрғысынан барлау мен алудың мүмкіндігін талқылайды. Сондай-ақ болашағы зор қарқынды дамып жатқан салалардың бірі ретінде мұнай мен газды тасымалдаудың тақырыбы талқыланады. 

Конференцияның бағдарламасымен арнайы сессия қарастырылған, ол KIOGE – “Қазақстанның мұнай-газ  саласы Ұлттық құныдылық тұлғалармен” мерейтойына орайластырылған. Көмірсутек саласының дамуының табысы ең бастысы барлық деңгейдегі кәсіби қатынаспен қамтамасыз етілген - ең жоғарғы саясидан бастап жергілікті өндірістікке дейін. Шүбәсіз беделінің, көптеген ақсақалдардың жігерлі шешімінің арқасында сала шет елдік инвестицияларға ие болды және өзінің, қазақстандық компанияларының және кадрларының даму мүмкіндігін алды. Және жоғарыда аталған сессия саланың тарихи тұлғаларымен кездесу үшін алаң болып табылады, олар ашық диалог форматында тәуелсіз Қазақстанның мұнай-газ саласының қалай құрылғандығы туралы айтып береді.

 KIOGE көрмесінің павильондарында қатысушылар мен келушілерді арнайы іс-шаралар күтеді. Семинарлардың аясында KIOGE серіктестері мен экспоненттерінің қатысуымен медиа-іс-шаралары мен таныстыру рәсімдері өтеді. Сонымен қатар, ұйымдастырушылармен ЮНЕСКО Клубының Қазақстандық Ұлттық Федерациясымен бірігіп ұйымдастырылған арнайы экспозиция қарастырылған.

Көрменің бөлімдері өзгеріссіз қалады, олар геологиядан, барлаудан бастап, қайта өңдеуге, сервистік және консалтингілік қызметтерді көрсетуге дейін салалардың 10 астам бағыттарын қамтиды.

Осылайша, мерейтойлық KIOGE мерекелік көңіл-күймен өтеді, бірақ әмбебап салалық алаңы болып қалатын басты міндетін сақтап қалады, мұнда қазақстандық өнеркәсіптің басты саласының тапсырыс берушілері мен жеткізушілері кездесетін болады.

KIOGE - 2017 конференциясы 2017 жылдың 4-5 қазанында Intercontinental Almaty Hotel мейманханасында өтеді. Алматы, көрме әдеттегідей “Атакент” ҚІЫО 4 қазаннан 6 қазанға дейін өтеді.

KIOGE - 2017 ұйымдастырушылары Iteca қазақстандық көрме компаниясы мен оның халықаралық серіктестері:  ITE Group Plc (Ұлыбритания), GIMA (Германия), ITE China (Қытай), ITE Moscow (Ресей), EUF (Түркия) болып табылады.

www.kioge.kz

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх