Еңбек ұжымын құттықтады

Еңбек ұжымын құттықтады
15.09.2017
474
Қызметкерлер

Еңбек ұжымын құттықтады

Қазақстан Республикасы Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиев орталық аппарат ұжымын құттықтап, еңбегімен еленген қызметкерлерге ҚР Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның атынан берілген және «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарды салтанатты жағдайда табыстады. 

«Біздің ұжымда геологтар, қаржыгерлер, экономистер және басқа да көптеген мамандық иелері жұмыс істейді. Бәріміздің бірге атқарып отырған қызметіміз, еңбегіміз бен біліміміз, күш-жігеріміз «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ компаниясының дамуы, өркендеуі жолындағы мақсаттарға арналған. Мұнайшылар күні – біздің ортақ мерекеміз. Бұл біздің бір-бірімізді құттықтап, ортақ істерімізді талқылауға, нәтижелер туралы бөлісуімізге де жақсы мүмкіндік», – деп айта келе, Компания басшысы жыл басынан бері атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталып өтті. Қол жеткен жетістіктер үлкен еңбек ұжымының кәсіби шеберлікпен, ынтымақ-бірлікте атқарып жатқан қызметінің нәтижесі екенін атап айтты.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх