«Өзенмұнайгаз» 2017-2019 жылдарға арналған Ұжымдық шартты қабылдады

15.09.2017
543
Өндіріс
«Өзенмұнайгаз» 2017-2019 жылдарға арналған Ұжымдық шартты қабылдады
«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының, «Өзенмұнайгаз» АҚ жұмыскерлерінің және «Өзенмұнайгаз» жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған Ұжымдық шарт қабылданды.
Еңбек ұжымдарында талқылаудан өткен Ұжымдық шарт жобасы Жұмыс беруші және Кәсіподақ комитеті мүшелерінен құралған біріккен комиссияда қаралып, құжат бекітілді.
Тараптар мақұлдаған құжатқа «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Өзенмұнайгаз» жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі тарапынан қол қойылды.