Жаңа балабақша ауыл тұрғындарын қуантты

Жаңа балабақша ауыл тұрғындарын қуантты
15.09.2017
489
Әлеумет

Жаңа балабақша ауыл тұрғындарын қуантты

Атырау облысы Исатай ауданының Х.Ерғалиев ауылында 100 орындық «Айжұлдыз» типтік үлгідегі жаңа балабақша ашылды. Жаңа нысан «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның демеушілік қаржысына салынды. Балабақша толықтай қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. 

Тапсырыс беруші «Бизнес-көмек» әлеуметтік жобаларды қолдау қоры. Мердігер мекеме «ГТЭС Строй» ЖШС. Балабақша қазір толықтай 100 баланы қамтып отыр. Мекемеге 45 ауыл тұрғыны жұмыспен қамту орталығы арқылы қызметке орналасқан.
Бұған дейін Х.Ерғалиев ауылында бір балабақша жұмыс жасаған. Онда 50 бала қамтылған еді. Жаңа балабақшаның іске қосылуы ауыл тұрғындарына үлкен қуаныш сыйлады.    
Жаңа нысанның лентасын Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев және «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Әлеуметтік саясат және шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің аға маманы Мұратбек Маханов қиды. ҚМГ БӨ өкілі М.Маханов ауыл тұрғындарына Компания басшылығының жылы лебізін жеткізіп, балабақша өрендеріне игі тілектерін білдірді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх