Кәсіби мерекені лайықты қарсы алды

Кәсіби мерекені лайықты қарсы алды
15.09.2017
667
Қызметкерлер

Кәсіби мерекені лайықты қарсы алды

ҚР Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне байланысты «Өзенмұнайгаз» АҚ-да салтанатты жиын болып өтті. Жиынға компания басшылары, еңбек ардагерлері және қызметкерлері қатысты.

Өз құттықтау сөзінде бас директор Бекзат Абайылданов Қазақстанның мұнай саласының дамуына, ел экономикасының өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып келе жатқан өзендік мұнайшылардың кәсіби мерекелерін лайықты жетістіктермен қарсы алып отырғандығына тоқталып өтті.
«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы ел өндірісін дамытып қана қоймай, өңірдің дамуына да айтарлықтай септігін тигізіп отыр. Келешекке үлкен сеніммен қарап отырған мұндай ұжыммен біз алға қойылған барлық міндеттерді орындайтынымызға сенімдімін, – деді ол өз сөзінде. Шара барысында еліміздің мұнай-газ саласын дамытуда үлес қосқан бір топ компанияның қызметкерлері «Өзенмұнайгаз» АҚ Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен, Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, Кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен марапатталды.

Арнайы техника тапсырылды

Мұнай-газ өнеркәсібі қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында «Өзенмұнайгаз» АҚ-ға қарасты транспорттық басқармаларға арнайы техниканың кілті табысталды. Бұның бәрі мұнайшылардың еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік саланы дамыту мақсатында жүзеге асырылуда. Мерекелік шара Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен жинақтау басқармасында өтті. Салтанатты жиында «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Бекзат Абайылданов құттықтау сөз сөйлеп, арнайы техниканың кілтін салтанатты түрде көлік жүргізушілерге табыстады. 


– Биылғы жоспар бойынша «ӨМГ» АҚ-ға қарасты 8 транспорттық басқармаларға, атап айтқанда, №1, №2, №3, №5 СКҚБ, ТТБ, ХжЭБ, АжТБ, БЖБ мекемелеріне 124 техника тапсыру жоспарланған. Бүгінгі шарада сол 124 көліктің 71-і тапсырылып отыр. Қалған техника жылдың соңына дейін тапсырылады, – деді «Өзенмұнайгаз» АҚ  Транспорт департаментінің директоры Болат Бекжанов. Айта кететініміз, арнайы техникалар отандық тауарлар екен. Ауыр жүк көліктері Көкшетау қаласында орналасқан «Камазинжиниринг» АҚ және Петропавл қаласындағы ауыр машина жасау зауытынан алынған.

Ат бәйгесі өтті

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының демеушілігімен, «Арман тұлпарлары» Жаңаөзен ат федерациясының ұйымдастыруымен бәйге өткізілді. Бәйгеде аламан, тай, құнан шабыстарына қатысқан небір желмен жарысқан сәйгүліктерге мінген шабандоздар меже сызығын бірінші болып кесуге бар күш-жігерін салып бақты.


Шарада сөз сөйлеген бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаров бәйгеде ұлттық намыс, ұлттық рух бар екендігін айтты. «Жаны да, жүрегі де қазақ деп соққан бәйге ұйымдастырушыларына Алланың нұры жаусын», – деді ол. Топ жарған жүйріктердің иелері диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жарайсың, «Жайдарман»!

Мұнайшылар мерекесіне орай, «Мұнайшы» мәдениет сарайында «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты басқармалар қызметкерлерінен құралған 13 команда қатысқан «Қара алтын – байлығым!» тақырыбында «Жайдарман» ойынының кезекті туры өтті.


Ойын нәтижесінде, №1,3 МГӨБ, №3СҚКБ, ӨЭМБ, ӨТҚжЖЖБ, АжТБ, ТТБ, БЖБ құрама командалары ақтық мәреге жолдама алды. Мазмұнды ұйымдастырылған шара жоғары деңгейде өтті.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх