Мамандықты шыңдау – уақыт талабы

Мамандықты шыңдау – уақыт талабы
15.09.2017
634
Өндіріс

Мамандықты шыңдау – уақыт талабы

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ ұйымдастыруымен «Кен-Құрылыс-Сервис», «ӨзенМұнайСервис» және «Су өндіру және тасылмаудау басқармасы» жауаркершілігі шектеулі серіктестіктері дәнекерлеушілерінің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында теориялық және практикалық бөлімнен тұратын тренинг өткізілуде.

Оқыту-тәжірибелік курсы биылғы жылдың тамыз айының 7-інде  басталған болатын. 4 топ теориялық оқу курсын тәмамдады. Бесінші топ теория бойынша оқуды қыркүйектің 18-інде бастайды. Тәжірибе бойынша 2 топ оқуды аяқтады. 11 қыркүйекте 3-ші топ оқуды тәмамдады.
«Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС директоры Салтанат Ысқақов маңызды тренингті ұйымдастырған «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-на жоғарыда аталған мекеме еңбек ұжымдарының атынан зор алғысын білдірді. ҚМГ БӨ мұнай сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директор Айнұр Шәненова: «Жаңа технологияларды енгізу – қазіргі заман талабы. Сондықтан, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ еншілес мекемелер мамандарының жаңа заманауи үлгідегі дәнекерлеу аппараттарымен жұмыс жасау үшін оқыту шарасын іске асырып отыр. Қай мекеме бәсекелестікке бейім болса, сол мекеменің мерейі үстем болады», – деді. 20 жылдан астам дәнекерлеуші болып жұмыс жасап келе жатқан «КҚС» ЖШС жұмыскері Сенбай Аманжолов «Жұмысым өзіме ұнайды. Қазіргі заман кез келген маман иесінен іскерлікті талап етеді. Бізге заманауи үлгідегі дәнекерлеуші аппаратта жұмыс жасауға үйрету үшін тренинг өткізіп жатқан компания басшылығына алғыстан басқа айтарымыз жоқ», – деді. 1979 жылдан бері қиын кәсіп иесі болып талмай жұмыс жасап келе жатқан Серікбай Қаржаубаев әрбір дәнекерлеуші өз ісінің маманы болғаны жөн десе, «СӨТБ» ЖШС-нің 5-дәрежелі электрогазбен дәнекерлеушісі Ауғанбай Тайманов «заман кез келген маман иесінен іскерлікті талап етіп тұр, сондықтан өзгелер жаңа технологияларды игеріп, ілгерілегенде біздің қарап жатуымыз жарамайды», – дейді.
Иә, Әлихан Бөкейхан айтпақшы, «ақыл да, ұсталық та оқумен, істеумен жүре ұлғаяды».

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх