Мұнайшылар құрметке бөленді. «Қазгермұнай» БК» ЖШС

Мұнайшылар құрметке бөленді. «Қазгермұнай» БК» ЖШС
15.09.2017
335
Қызметкерлер

Мұнайшылар құрметке бөленді. «Қазгермұнай» БК» ЖШС

«Қазгермұнай» БК» ЖШС мұнайшылар мерекесіне орай іс-шаралар ұйымдастырып, қызметкерлердің еңбектерін еледі. Мекеме басшылары мен жұмысшылары әуелі Нұралы кен орнында бас қосты. Одан кейінгі сапар Ақшабұлақ кен орнында жалғасты. Басшылық үздік мамандарды мақтау қағаздарымен марапаттап, естелік сыйлықтарды табыстады. 
Квач Борис жетекші инженер-электрик 20 жылға жуық уақыт мұнай саласында қызмет етіп келеді. ҚР Энергетика минстрлігі тарапынан марапатқа ие болды. «Еңбегіңнің лайықты бағаланғанының өзі үлкен бақыт», – дейді ол. Сонымен қатар, Қызылорда облысы әкімінің алғыс хаттары және «ҚазМұнайГаз»БӨ» АҚ, «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен үздік сала қызметкерлері марапаталды. 
Бекзат Тілеубаев, Ақсай кен орнының мұнай және газ өндіру операторы: «Компанияның арнайы жиын жасап, құттықтауы бұл маған ғана емес, бүкіл ұжымға зор ынталандыру сыйлайды», – дейді. 
Жиын барысында компания басшылары сөз сөйлеп, айтулы мерекемен құттықтады.«Компания қызметкерлерімен қуатты. Абыройлы еңбек етіп, еліміздің, компанияның көркеюіне үлесін қосып жүрген майталман мамандар әрдайым марапатқа лайық», – деді компания басшысының бірінші орынбасары Есен Қайыржанұлы өзінің құттықтау сөзінде. Жиын соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх