Қызмет нәтижесі қорытындыланды. «Argymak TransService» ЖШС

Қызмет нәтижесі қорытындыланды. «Argymak TransService» ЖШС
15.09.2017
400
Өндіріс

Қызмет нәтижесі қорытындыланды. «Argymak TransService» ЖШС

«Argymak TransService» ЖШС басшылығы шілде айында кен орнында екі вахтада бірінші жартыжылдықты қорытындылау мақсатында еңбек ұжымымен есеп беру жиналысын өткізді. Кен орнындағы еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қозғалыс қауіпсіздігі бойынша топ басшылары Досан Сасықбаев және Мақсат Күзембаев еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша ақпарат беріп, мәліметтерге талдау жасады. Көлік бойынша жетекші инженерлер Ерлан Кайлюбаев және Самат Айтымов автокөліктердің жылдық техникалық байқауының қорытындысымен таныстырып, техникалық байқау өткізу барысында анықталған кемшіліктерді алдағы уақытта қайталамау – әрбір жұмыскердің міндеті екенін атап өтті. Кен орнындағы әлеуметтік мәселелер бойынша жетекші мамандар Шаңбай Акбердиев пен Байболат Умирзаков  әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер және ішкі коммуникация бойынша атқарылған жұмыстар, жылдық жоспарға сәйкес өтіп тұрған мәдени-спорттық шаралар туралы мәлімет берді. Әлеуметтік-әкімшілік мәселе бойынша аға маман Зейнеп Маханбет жұмыскерлердің шипажайда емделуі, балалардың жазғы демалысы, теңіз жағалауында жұмыскерлердің жазғы демалысының ұйымдастырылуы туралы айта келіп, «Үздік маман» сайысының нәтижесіне тоқталды. Әуелі әрбір вахта бойынша, кейіннен бүкіл мекеме бойынша өткен «Үздік маман» сайысында топ жарған автомобиль жүргізушісі Рауан Ұзақбаев, автомобиль жөндеу слесарі Әліби Өтеғали, ЦА мотористері (экипаж) Ғабит Жалғасбаев пен Марат Нугайбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ деңгейінде өтетін сайысқа қатысады. 
Серіктестік басшысы Шаттық Кульшиков  бірінші жартыжылдықты қорытындылаған сөзінде мекеменің қаржы-шаруашылық көрсеткіштері туралы айта келіп, жұмыскерлердің өз еңбек міндеттерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау, келеңсіз оқиғаларды болдырмау жағдайына назар аударды. Негізгі көлікке тапсырыс беруші «Қаражанбасмұнай» АҚ өндірістік басқармасына, «ТұлпарМұнайСервис» Серіктестігіне жоғары деңгейде қызмет көрсетіп, мұнай өндіру жоспарымен қоса басқа да өндірістік көрсеткіштердің ойдағыдай орындалуына күш салуға шақырды. Жиналыс соңында мекеме басшылығы жиналысқа қатысушы жұмыскерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Зейнеп Маханбет, Әлеуметтік-әкімшілік жұмыс бойынша аға маман

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх