Тағайындау

Тағайындау
15.09.2017
533
Қызметкерлер

Тағайындау

Дәулетжан Кеңесұлы Хасанов «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Барлау және өндіру активтерін басқару жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды.

Бұл қызметке дейін «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры болып қызмет етті. Еңбек жолында «Қаражанбасмұнай» АҚ президенті, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ басқарушы директоры, «Ұңғымаларға қызмет көрсету және технологиялық транспортты басқару» ЖШС бас директоры, сондай-ақ «Қазгермұнай»БК»ЖШС, «Ембімұнайгаз», «Каспий Нефть-ТМЕ» АҚ, «EuroAsia Group» ЖШС, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қазақойл-Ембі»ААҚ, «Қазақтелеком»ААҚ, «Теңіз» АҚ компанияларында жауапты, лауазымды қызметтер атқарды. 

Медет Сәпиұлы Кәрім «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Еңбек пен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды.

Бұған дейін «Қазгермұнай»БК»ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Мұнай-газ жүйесіндегі Экономика және Менеджмент саласында MBA және DBA дәрежелеріне ие.
Еңбек жолын «Қайнармұнайгаз» МГӨБ мұнай өндіру операторынан бастап, осы аталған басқарманың басшысы лауазымына дейін көтерілді. Саладағы ұзақ жылғы қызметінде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ басшылық буындарында еңбек етті. «Қазгермұнай»БК» ЖШС бас директоры қызметін атқарды. 

Әлнұр Садуахасұлы Шәмшиев «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Мониторинг және өндірісті жедел басқару департаментінің директоры болып тағайындалды. 

Бұл қызметке дейін «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де Өндірістік-техникалық департамент директоры болып еңбек етті. Мұнай-газ жүйесіндегі Экономика және Менеджмент саласында MBA дәрежесіне ие. Саладағы көп жылғы қызметінде «Құлсарымұнайгаз» МГӨБ мұнай өндіру операторынан бастап, «Ембімұнайгаз» ААҚ, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ жауапты буындарына дейінгі еңбек жолынан өтті. 

Айдос Жеңісұлы Құрманқұлов «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Барлау және өндіру активтерін басқару жөніндегі департамент директоры болып тағайындалды. 

Бұл қызметке дейін ҚМГ БӨ Мониторинг және өндірісті жедел басқару департаменті директорының орынбасары болып қызмет етті. Еңбек жолын «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ «Октябрьскнефть» мұнайгаз өндіру басқармасында инженер-технолог болып бастады. ҚМГ БӨ-де 2008 жылдан бері еңбек етеді. Осы уақытқа дейінгі аралықта бірлескен жобаларды басқару департаментінің инженері, аға инженері, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх