Өзен мұнайшысы үшемнің әкесі болды

Өзен мұнайшысы үшемнің әкесі болды
28.09.2017
527
Әлеумет

Өзен мұнайшысы үшемнің әкесі болды

Сәбидің шыр етіп дүниеге келуі – әрбір отбасы үшін баға жетпес қуаныш! Өйткені, бала өмірдің сәні, отбасының шаттығы, Алла Тағаланың берген үлкен сыйы. Жақында «Өзенмұнайгаз» АҚ-ға қарасты Технологиялық транспорт басқармасында жүргізуші болып еңбек етіп жүрген әріптесіміз Арман Айтуов Алланың қалауымен үшемнің әкесі атанды.

Кішкентайлардың әжесі Сүйген апа сәбилердің есімдерін Абдуррахман, Мұхамедәли, Азима деп атағанын айтты. «62 тамырды түгел иітетін нәрестеге жетер не бар бұл жалғанда!» – дейді бақытты әже күлімсіреп. Нәрестелердің анасы Жаңылсын «Қуанышымызда шек жоқ! Дәрігерлер де жиі-жиі тексеріп, қолдарынан келген көмектерін көрсетуде. Тиісті орыннан көмек ретінде балапандарыма тегін сүт де алып отырмыз» дейді. Балалардың алды мектепте оқып жүр. Осылайша, бұл отбасы иелері алты баланың ата-анасы атанды. Расында да отбасының жемісі, жайнап өскен гүлі, алтын тірегі мен діңгегі де, байлығы да – перзент. Бесікте бүгін уілдеп жатқан сәбилер үлкен азамат болып өссін. Бауы берік болсын!

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх