Қазақ газ өңдеу зауытына жаңа басшы сайланды

Қазақ газ өңдеу зауытына жаңа басшы сайланды
28.09.2017
515
Қызметкерлер

Қазақ газ өңдеу зауытына жаңа басшы сайланды

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Тулепов Нақберген Аманбайұлы «Қазақ газ өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып сайланды. 

Нақберген Аманбайұлы бұл қызметке дейін «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС-нің бас инженері болып жұмыс істеді. 
Нақберген Тулепов Жаңаөзен мұнай техникумын «Мұнай және химия өндірістігінде жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша, Ақтау политехникалық институтын «Отын және көмірсутек материалдарының химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бітірді. 
Еңбек жолын «Өзенмұнайгаз» ӨФ-ның газ өңдеу басқармасының технологиялық қондырғы операторы болып бастаған. Саладағы ұзақ жылғы қызметінде «ТолқынНефтегаз» ЖШС,  «ҚарақұдықМұнай» ЖШС, «КазАзот» ЖШС және «Шағырлы-Шомышты» ЖШС-де жауапты, басшылық буындарда қызмет атқарған.
40 жылдан астам тарихы бар «Қазақ газ өндеу зауыты» ЖШС Маңғыстау облысының өндірістік-аумақтық кешенінде өз орны бар іргелі кәсіпорын. Зауыт еліміздің едәуір бөлігін тұрмыстық сұйытылған газбен, аймақтың тұрғындарын құрғақ бензинмен өңделген газбен және табиғи отынмен және Жаңаөзен қаласының кәсіпорындарын техникалық оттегімен қамтамасыз етеді.
Жаңа басшының қызметіне сәттілік тілейміз!

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх