Мақсат – кәсіби біліктілікті нығайту

Мақсат – кәсіби біліктілікті нығайту
28.09.2017
504
Қызметкерлер

Мақсат – кәсіби біліктілікті нығайту

«Кендірлі» демалыс аймағында «ҚазМұнайГаз» БӨ»АҚ ұйымдастырумен «Өзенмұнайгаз»АҚ Мұнай және газ өндіру департаменті мамандары, МГӨБ инженер-технологтары, геологтар, Скважиналарды жерасты жөндеу цехы шеберлеріне арналған «Ортадан тепкіш электро-сорап қондырғысының жұмыс істеу тәсілі» атты тақырыпта 5 кезеңнен тұратын оқу курсы өткізіліп жатыр.

«Теориялық және практикалық бөлімнен тұратын 5 күндік курсты 15 адамнан тұратын 5 топ оқып шығатын болады. Оқытушымыз Словакиядан келген Роберт Костал өте тәжірибелі, сауатты маман. Ол 15 елде жұмыс жасап, небір ерекше кенорындардың тыныс-тіршілігімен танысып, мол тәжірибе жинақтаған. Мұндай оқу бұрын-соңды компания тарихында болып көрген емес. Маңызды шараны ұйымдастырған «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ басшылығына алғыстан басқа айтарымыз жоқ», – деді МжГӨ департаменті аға инженер-технологы Әсет Қыдырғалиев.
Компания мамандары үшін аса маңызға ие болған оқуға қатысушы №2 МГӨБ №2 Скважиналарды жерасты жөндеу цехының инженер-энергетигі Талғат Масақбаев «Ортадан тепкіш электро-сорап қондырғысы бізге 2014 жылы енгізілген болатын. Бүгінгі өткізіліп жатқан оқу аталмыш қондырғының қолдану тәсілі мен қыр-сырын меңгеруге үйретуде», – деді. Иә, дүниеде жеке адам үшін де, бүкіл қоғам үшін де ең басты әлеуметтік капитал – білім.     
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх