Байқау шеберлікті шыңдайды

Байқау шеберлікті шыңдайды
28.09.2017
430
Қызметкерлер

Байқау шеберлікті шыңдайды

Қыркүйектің 25-і күні Ақтау қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобының арасында «Үздік маман-2017» атты кәсіби шеберлік байқауы салтанатты түрде ашылды. Байқау биыл Еңбек күніне орайластырылды. Кәсіби шеберлік байқауы 25 және 29 қыркүйек аралығында «ПетроҚазақстанОйлПродактс» ЖШС (Шымкент қаласы), «Қаражанбасмұнай» АҚ (Маңғыстау облысы) және «ҚазТрансОйл» АҚ (оқу-курстық комбинаты, Ақтау қаласы) өндірістік алаңдарында өтеді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның Әлеуметтік саясат департаментінің директоры Еркін Рахымбергенов барлық қатысушыларды байқаудың ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Шеберлік байқаулары еңбек адамдарының беделін, жұмысшы кәсібінің абыройын көтереді, корпоративтік рухты нығайтуға септігін тигізеді.
Байқаудың теориялық бөлігі сайысқа қатысушының таңдауы бойынша екі тілде онлайн режимінде компьютерлік тестілеу жолымен ұйымдастырылады. Ал,практикалық бөлігі электр-газ дәнекерлеушілері үшін «ҚазТрансОйл» АҚ-ның оқу-курстық комбинатында өтеді.
Сайыстың қалған кәсіптер бойынша практикалық бөлігі Қаражанбас кен орнының өндірістік алаңдарында болады. «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның өндірістік базасында байқау 13 жұмысшы кәсібі бойынша өтеді. Мұнайды қайта өңдейтін кәсіпорындардың жұмысшы кәсіптері бойынша сайыс «ПетроҚазақстан ОйлПродактс» ЖШС-нің өндірістік алаңында өтеді. Дәстүрлі кәсіби шеберлік байқауы жұмысшылардың шеберлігін шыңдауға ықпал етеді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх