«ӨзенМұнайСервис» үздіктері анықталды

«ӨзенМұнайСервис» үздіктері анықталды
28.09.2017
554
Қызметкерлер

«ӨзенМұнайСервис» үздіктері анықталды

«ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Үздік маман-2017» кәсіби шеберлік байқауы аясында өз ісінің шеберлерін анықтады. Үміткерлер «Үздік бригада», «Үздік ауысым», «Үздік электрогазбен дәнекерлеуші», «Үздік жүргізуші», «Үздік темір жонушы» аталымдары бойынша сынға түскен болатын.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін байқауға серіктестіктен барлығы 4 бригада, 30-ға жуық қызметкер қатысты. Мамандар бірінші жартыжылдықта атқарған еңбек нәтижесі бойынша бағаланды. «Үздік ауысым» аталымы бойынша бақ сынаған үміткерлердің алты айлық жұмысымен қатар арнайы жасақталған тест нәтижелері де есепке алынды. 
Байқау талаптарына сәйкес байқаудың «Үздік бригада» аталымына ӨМС 33-бригада, ӨМС 4-бригада және ӨМС 20-бригадалары лайық деп танылды. Бірінші жартыжылдық көрсеткіштері бойынша «Үздік ауысым» аталымын №4 цехқа қарасты ӨМС 44-бригададағы Н.Бекназаровтың ауысымы, №2 цехқа қарасты ӨМС 19-бригададағы бұрғышы К.Мурзалиевтің ауысымы мен №1 цехқа қарасты ӨМС 35-бригада бұрғышысы Ж.Бекболатовтың бастаған ауысымы жеңімпаз болды.   
Жеке қатысушылардан «Үздік электрогазбен дәнекерлеуші» аталымы бойынша Б.Инербаев үздік атанды. Байқаудың төртінші аталымы «Үздік теміржонушы» атағы М.Оңдағановқа берілсе, «Үздік жүргізуші» аталымын А.Қисықбаев жеңіп алды. 
Кәсіби шеберлік байқауы бойынша үздік деп танылған ауысымдар мен бригадалар, жеке қатысушылар «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания» акционерлік қоғамы еншілес мекемелер арасындағы «Үздік маман-2017» байқауында «ӨзенМұнайСервис» ЖШС намысын қорғауда.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх