Балалар ауруханасына – жаңа медициналық қондырғылар

Балалар ауруханасына – жаңа медициналық қондырғылар
28.09.2017
501
Әлеумет

Балалар ауруханасына – жаңа медициналық қондырғылар

Атырау облыстық балалар ауруханасы ғимаратында өткен шарада «Ембімұнайгаз» АҚ басшылығы емдеу мекемесі ұжымына салтанатты түрде медицинадық қондырғыларды тапсырды.

– Ембілік мұнайшылар мүмкіндігі шектеулі және медициналық көмекке қажет ететін балаларға үнемі назар аударып келеді. Сондықтан, Компаниямыздың 95 жылдығына арналған шаралар аясында және облыстық балалар ауруханасы басшылығының сұранысына орай қажетті медициналық қондырғыларды алуға 6,3 миллион теңгеден астам қаражат бөлу жөнінде шешім  қабылдадық, – деді Басқарма төрағасы Әнуар  Жақсыбеков.

Компания бөлген қаражатқа, сұйық дәрі түрлерінің мөлшері мен жылдамдығын жоғары дәлдікпен ұзақ мерзімді енгізуге арналған электронды автоматты 5 дозатор; ауыр науқастарды қауіпсіз түрде тасымалдауды жеңілдететін, реанимациялық бөлімшелерге арналған «Интеграл КЭМ» көпфункциялы 3 медициналық қоларба; жарақат алған немесе төсекке таңылған балаларды оңалту және қалыпқа келтіруге мүмкіндік беретін төрт секциялы, электромеханикалық реттеуіші бар «Интеграл КБ-7» маркалы көпфункциялы 5 кереует алынды. Аурухана меңгерушісінің орынбасары Орындық Сиплованың айтуынша, мұндай жабдықтар бұрыннан да бар болғанымен, жеткіліксіз еді. Енді ЕМГ Компаниясы арқасында жаңа жабдықтармен толығып, аурухананың әлеуетін арттыра түскен. Қазірде жабдықтар қолданысқа беріліпті. Ә.Жақсыбеков аурухананы аралап, науқас балалар игілігін көріп жатқан жабдықтардың қолданысымен танысты және ұжыммен кездесіп, еңбектеріне жеміс тіледі. 1974 жылы ашылған Атырау облыстық балалар ауруханасы жыл сайын бес мыңнан астам баланы қабылдайды.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх