Тынбай еңбек ету – табысқа жеткізеді. «Үздік маман-2017»

Тынбай еңбек ету – табысқа жеткізеді. «Үздік маман-2017»
11.10.2017
526
Қызметкерлер

Тынбай еңбек ету – табысқа жеткізеді. «Үздік маман-2017»

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ деңгейінде өткен «Үздік маман-2017» байқауының қорытындысы бойынша қыркүйектің 29-ы күні Ақтау қаласында жеңімпаздар салтанатты жағдайда марапатталды.

«Үздік маман-2017» кәсіби-шеберлік байқауында Бұрғылау жұмыстары басқармасының ЦА-320 моторисі Қонарбай Досбергенов пен аталмыш техника машинисі Бауыржан Әлібаев І орынды қанжығасына байлап, компания абыройын асқақтатты. Үздіктер жұмыс жасайтын №2 автотізбектің аға шебері Бәйіш Мейіров жігіттердің өз істеріне өте жауапкершілікпен қарайтынын айтады. «Кез келген жұмысқа салғырт қарау – береке бермейді. Сол сияқты адам табысқа жету үшін де құлшына үйреніп, тынбай еңбек етуі керек», – дейді ол. «Үздік маман-2017» кәсіби-шеберлік байқауынан өздерін Жаңаөзен қаласының кіреберісінен күтіп алған БЖБ басшылығы мен еңбек ұжымына риза болған үздіктер «басқарма басшылығының әр қызметкерді жете бағалауға, әр адамды жете құрметтеуге қол жеткізуі – қуанарлық жайт», – екендігін айтады.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх