«QUICK WIN» жобасы: Өзен кенорнына сапар

«QUICK WIN» жобасы: Өзен кенорнына сапар
26.10.2017
2042
Өндіріс

«QUICK WIN» жобасы: Өзен кенорнына сапар

10 қазан күні «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшылы­ғы және «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ құрылым­дық бөлімшелерінің жетекшілері «Quick win» жобасы аясында «Өзенмұнайгаз» АҚ-ға іс-сапармен келді. Өзен кенорнының тыныс-тіршілігімен танысуды мақсат еткен топ оннан аса өндірістік нысанда болды. Өндірістің тиімділігін арттыру, ұңғыларды жөндеу жұмыстарының уақытын дұрыс ұйымдастырып, сапасын жақсарту бойынша ұңғыларды көрді. Маңызды жұмыстармен танысқан «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ атқарушы вице-президенті Олег Карпушин кенорнынның даму бағытына өз бағасын берді.  

 

Джон Ричард Денис, 
«ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау 
технологиялары ғылыми-зерттеу 
институты» ЖШС бас директоры:


«Жоба бойынша Өзен кенорнына үшінші жыл қатарынан келіп отырмын.Өндірісте прогресс бар. Бүгінгі танысқан горизонтальды скважинаны сәтті бұрғылау жұмыстарын зор жетістік деп айтуға болады. Компания жаңа технологияларды өндірісте тиімді пайдаланып, мұнай өнімін арттырып отыр. Мұның барлығы жұмысты дұрыс ұйымдастырып, әрі іске асырып отырған білікті мамандардың арқасы. Әрине, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ тарапынан көп қолдау тауып отырғанын да айта кеткім келеді».


Мұрат Мұстафаеев, 
«Қазақ ғылыми-зерттеу және мұнай-газ жобалау институты» ЖШС бас директоры:


«Біздің мекеме «Өзенмұнайгаздың ірі серіктестігі болып табылады. Жобалау жұмыс­тарын атқаратындықтан «Quick win» бизнес кейсін іске асыруға атсалысамыз. Қазірдің өзін­де 3-блокта бір департаментіміз қызу жұмыс жасап жатыр. Супервайзерлеріміз де осында. Сондай-ақ, атқарылған жұмыстың нәтижесі он­лайн бақыланып отыр».

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх