Спартакиада өз межесіне жетті

Спартакиада өз межесіне жетті
Ардагер мұнайшы Рахмет Өтесінов атындағы дене шынықтыру кешенінде мұнайшылардың кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған Спартакиада өз мәресіне жетті.
Нәтижесінде, жігіттер арасында өткен волейболдан І орынға АжТБ, ІІ орынға № 2 СҚКБ, ІІІ орынға № 3 МГӨБ, ал шағын футболдан І орынға «ӨМС» ЖШС, ІІ орынға «КҚС» ЖШС, ІІІ орынға № 3 МГӨБ командалары ие болды.
Ал қыз-келіншектер арасында өткен волейбол ойнынан І орынды №1 МГӨБ, ІІ орынды № 3 МГӨБ, ІІІ орынды ӨТҚжЖЖБ командалары қанжығаларына байлады.
Қол күресінен 80 келі салмақ дәрежесінде күш сынасқан Қуаныш Байбосынов (№ 3 МГӨБ) І орынға, Мереке Сәт (№ 1 МГӨБ) ІІ орынға, Әділет Елеусінов (БЖБ) ІІІ орынға, 80 келіден жоғары салмақта қатысқан Айтқали Мұсаев (№ 3 СҚКБ) І орынға, Тойлыбай Тұрғанбаев (№ 5 СҚКБ) ІІ орынға, Руслан Жұмағазиев (№ 3 МГӨБ) ІІІ орынға ие болды.
Қол күресі сайысынан қыз-келіншектеріміз де тыс қалған жоқ. 65 келі салмақтағы қол күресінен І орынға Айгүл Сабырова (№ 1 МГӨБ), ІІ орынға Ақмарал Жұбауова, 65 келіден жоғары салмақта І орынға Сәнім Мұратова (№ 3 МГӨБ), ІІ орынға Жеңісгүл Сүймағанбетова, ІІІ орынға Гауһар Нұрланова (ӨТҚжЖЖБ) ие болды.
Жігіттер арасындағы жүзуден І орынға Қуандық Өсеров (№ 4 МГӨБ), ІІ орынға Қуантай Жарылғапов (KMG EP-Catering), ІІІ орынға Ислам Қарабаев (ТТБ) ие болса, спорттың осы түрінен қыз-келіншектер арасынан І орынға Гауһар Жайылғанова (№ 1 МГӨБ), ІІ орынға Айжан Қожанова (№ 4 МГӨБ), ІІІ орынға Наталья Әжіғалиева ие болды.
Маңызды шарада сөз сөйлеген «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаров спорттың адам өмірі, денсаулығы үшін маңыздылығын атады.