Жүргізушілер салауатты өмір салтын ұстанады

Жүргізушілер салауатты өмір салтын ұстанады
Транспорт қызметкерлерінің мерекесіне орай № 5 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасында спорттық сайыс өткізілді. Басқарманың 5 автотізбегі мен 4 бөлімшесі қатысқан спорттық шарада жұмыскерлер100 метр қашықтыққа жүгіріп, зіл тасын көтерді және арқан тартып күш сынасты.
Басқарма директоры Ақмұрат Бекенов, бас инженер Омар Елеш, кәсіподақ төрағасы Мәдихан Оңалдықов әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.
«Біз аталмыш шараны салауатты өмір салтын ұстану мақсатында өткізіп отырмыз. Кез келген компанияның болашағы оның жұмыскерлерінің денсаулығына байланысты екендігі-дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Шараның мақсаты – басқарма жұмыскерлерінің ауызбіршілігін нығайтып, өзара сыйластығын артыру», – деді басқарма директоры.
Өте жоғары деңгейде өткен спорттық шара жүргізушілерге көтеріңкі көңіл-күй мен шаттық сыйлады.