Ардагерлер алғысы

Ардагерлер алғысы
26.10.2017
623
Әлеумет

Ардагерлер алғысы

Биыл үш ай бойы Астанада өткен ЭКСПО көрмесін өз көздерімен көріп, тамашалаған 4 миллион адамның ішінде ембілік мұнайшы-ардагерлер де болды. Ардагерлерге тамаша демалыс сыйлау мақсатында біздің ұсынымызға «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы қолдау көрсетіп, мүмкіндік туғызды. ЭКСПО-ға саяхатымызды көрменің ең негізгі сәулеттік ғимараты Қазақстанның «Нұр Әлем» нысанынан бастадық. Баламалы энергия көздерін алыстан іздеудің қажеттілігі жоқ екеніне көзіміз жетті. Қазақстан мен шетел мәдениетін, даму үдерісін, жоғары жетістіктерін өз көзімізбен көрдік. Ең бастысы, халқымыздың қонақжайлығына шетелдіктер жоғары баға беріп жатыр. Күн сайын мыңдаған халықты жарқын жүзбен қарсы алып, жылы шыраймен шығарып салып тұрған жастарымызды көргенде сырттай тұрып сүйсіндік. ЭКСПО-ны өткізу арқылы Қазақ елі, Астана халықаралық шараны ұйымдастыра алатын іргелі мемлекет екенін аңғартты. Саяхаттың екінші күні Тұңғыш Президент, Атамекен музейлерін, Бәйтерек, Бейбітшілік және келісім сарайын, Хан шатыр және басқа қаланың көз тартар жерлерін араладық. Саяхат барысында «Әзірет Сұлтан» мешітіне кіріп, аруақтарға құран бағыштадық. Астанадан 35 шақырымдай жердегі Ақмол ауылында орналасқан АЛЖИР («Отанын сатқандар» әйелдерінің Ақмола лагері) мемориалды-мұражай кешенін аралаған кезде кінәсіз тұтқындалған әйелдердің басынан өткен қиын-қыстау кезеңдерін тебіренбей еске алу мүмкін болмады.
Осынау елеулі оқиғаларды өз көзімізбен көріп, тарихи сәттің куәсі болуға ембілік мұнайшы-ардагерлерге мүмкіндік туғаны қуантты. Бұл – «Ембімұнайгаз» АҚ-ның ардагерлеріне көрсеткен құрметі деп білеміз. Көрмеге барып көзайым болып келген зейнеткерлер атынан Б. Текееев, А. Қойшыбаев, С. Райымбергенов, Е. Отарұлы, М. Жайсманова, А. Бас­паев т. б. ардагерлер көрме туралы алған әсерлерін айтып, осындай мүмкіндік жасағаны үшін компанияға алғысын білдіреді. 


Бағыт Сматуллин 
 «Ембімұнайгаз» АҚ ардагерлер кеңесінің төрағасы.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх