«КЕН-ҚҰРЫЛЫС-СЕРВИС» ЖШС қызмет аясы кеңейді

«КЕН-ҚҰРЫЛЫС-СЕРВИС» ЖШС қызмет аясы кеңейді
03.11.2017
662
Өндіріс

«КЕН-ҚҰРЫЛЫС-СЕРВИС» ЖШС қызмет аясы кеңейді

Осы жылдың 10 сәуірінде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі шешімімен «Кен-Құрылыс-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Атырау облысы филиалы құрылды. Филиал директоры болып Аманқұл Өміров тағайындалды.

Атырау облысы филиалының негізгі қызметі «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамына қарасты «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты кен орындарында сұйықтықты жинау және тасымалдау жүйесін қайта салу және ұңғыларды жайластыру бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізу  болып табылады. 
«Кен-Құрылыс-Сервис» серіктестігінің Атырау облысы филиалында 4 құрылыс-құрастыру және жол жұмыстары учаскелері бар. Филиалдың кеңсе және қоймалық ғимараттары «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының өндірістік-техникалық қамтамасыз ету және жабдықтарды жинақтау басқармасы аумағында орналасқан. Филиалдың өзіне тиесілі: 54 орындық жатақхана, 10 жұмыс орнына кеңселік ғимарат, кептірмесі бар монша және қоймасы орналасқан қоршалған өндірістік базасы бар. 
Сонымен қатар 2018 жылы өзінің өндірістік қуаттарын, сондай-ақ құрылыс-құрастыру жұмыстарының сапасын нығайту және жаңарту мақсатында, филиалға автокөлік құралдарының негізгі түрлерін және дәнекерлеу жабдықтарының анағұрлым заманауи түрлерін сатып алу үшін қаражат бөлу жоспарлануда. 
– Сұйықтықты жинау және тасымалдау жүйесін қайта салу және ұңғыларды жайластыру бойынша негізгі өндірістік нысандардан басқа, жоспарда автожолдар салу және Кенбай кен орнында 100 орындық жатақхананың модульдік ғимараттарын салу, С. Балғымбаев кен орнында 150 орындық және Қисымбай кен орнында 50 орындық асхана салу қарастырылған, – дейді серіктестіктің алдағы жоспарларымен бөліскен филиал басшысы Аманқұл Өміров.
Атырау филиалының ұжымы, бүгінгі таңда өзінің негізгі тапсырыс берушісі «Ембімұнайгаз» АҚ алдында шарт міндеттемелерін дер кезінде орындауға барынша күш салуда, бұл келешекте серіктестікке негізгі стратегиялық серіктес ретінде қарап, өзара қарым-қатынасының нығаюына және ұжым аясында болашақ дамуға деген сенім ұялатуға мүмкіндік береді. 
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх