Әлеуметтік сала қызметкерлерінің алғашқы форумы өтті

Әлеуметтік сала қызметкерлерінің алғашқы форумы өтті
03.11.2017
748
Әлеумет

Әлеуметтік сала қызметкерлерінің алғашқы форумы өтті

Қазан айының соңғы жексенбісі елімізде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні. Осынау төл мереке қарсаңында, яғни қазанның 27-і күні Ақтау қаласында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ компаниялар тобы әлеуметтік саясат саласы қызметкерлерінің алғашқы форумы болып өтті. 
Алқалы жиынға «Ембімұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ және төрт мұнай-газ өндіру басқармаларының, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Ембімұнайэнерго» басқармасы, Өндірістік-техникалық қызмет көрсету және жабдықтармен комплектациялау, «Өзенмұнайгаз» АҚ Мұнай дайындау және өндірістік қызмет көрсету, Мұнай өнеркәсіп қондырғылары және технологиялық коммуникацияларды жөндеу, Ұңғымаларға қызмет көрсету, Химияландыру және экология, «ӨзенЭнергоМұнай», Технологиялық транспорт басқармаларының, «Технологиялық транспорт және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы» ЖШС, «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС, «Argymak TransService» ЖШС, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС, «ҚазГӨЗ» ЖШС, «KMG EP-Catering» ЖШС, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС әлеуметтік және әкімшілік-шаруашылық сала жетекшілері мен мамандары қатысты. 

Форумның ашылуында сөйлеген «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Аппарат жетекшісі Бауыржан Асқаров қатысушыларға алдымен кәсіби мерекеге орай ҚМГ БӨ бас директоры Құрманғазы Есқазиевтің құттықтауын жеткізді. Өз баяндамасында Б. Асқаров «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ компаниялар тобындағы әлеуметтік салада атқарылған жұмыстарға, болашақта маңыз беретін мәселелерге тоқталды. 
«Бүгінгі шара ҚМГ БӨ компаниялар тобының маңызды оқиғасы десем артық айтқаным емес, өйткені компанияның тұрақты дамуында корпоративтік әлеуметтік құрылымдардың рөлі зор, ал мәселелерді бірлесіп талқылау қажеттілігі өзекті болып табылады. Сондықтан біз бүгін компанияның әлеуметтік міндеттемелерін орындау бойынша жұмыс барысында кездесетін проблемаларды айтып, оларды түсіну мақсатында алғаш рет осындай кеңейтілген форматта жиналып отырмыз.
ҚМГ БӨ еншілес және тәуелді ұйым­дарының әлеуметтік қызметкер­лерінің алғашқы слетін Ақтау қаласында өткізуіміз кездейсоқ емес. Мұнда, еліміздің батысында біздің негізгі активтеріміз, бірлескен кәсіпорындарымыз, мұнай сервистік компанияларымыз шоғырланған. Тиісінше, бұл өңірде ҚМГ БӨ компаниялар тобы қызметкерлерінің ең көп саны еңбек етеді – жұмыс істейтін 26 мың адамның 18 мыңнан астамы. Бұдан басқа, мұнда 130 мың тұрғыны бар Жаңаөзен қаласының тіршілігі тікелей байланысты, қала қалыптастырушы «Өзенмұнайгаз» кәсіпорны, сондай-ақ мұнай сервистік ұйымдарымыз жұмыс істейді. Сол себепті бұл тәжірибелік бірлескен кездесулердің жақсы дәстүрін Маңғыстау өңірінен бастауды жөн көрдік. Болашақта осындай жиналыстарды өткізуді дәстүрге айналдырып, басқа да өңірлерде өткізетін боламыз. 
Қазақстанның мұнай саласы ел экономиканың маңызды қозғаушы болып табылатыны баршаға мәлім. Мұнай секторының компаниялары мемлекет бюджетін толықтырып қана қоймай, Ұлттық қордың активтерін қалыптастырады, сондай-ақ өз қызметкерлерін әлеуметтік жағынан қамтамасыз етумен қатар өңірлерге үлкен әлеуметтік қолдау көрсетеді. ҚМГ БӨ-нің өндірістік активтері Қазақстанның төрт облысында орналасқан, онда 26 мыңнан астам адам еңбек етеді. Осы адамдардың отбасы мүшелерін санағанда, ең төменгі бағалаулар бойынша 100 мыңнан астам адамның әл-ауқаты тікелей компанияға байланысты. Егер де елдің әлеуметтік өміріне нақты қатысуын айтатын болсақ, 2004 жылы ҚМГ БӨ құрылған сәтінен бастап Компания Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облысында аурухана, мектеп, жолдар мен басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына 51 миллиард теңгеден артық қаражат бөлді», – деді Б. Асқаров. 
Көптеген әлеуметтік нысандар Жаңаөзен қаласында да бой көтерді. Олар тұрғын үй құрылысы, медициналық, спорттық-сауықтыру нысандары. ҚМГ БӨ өз қызметін жүргізіп отырған Атырау облысында бірнеше балабақшаның, орта мектептердің, спорттық-сауықтыру кешендердің құрылысын қаржыландырды. Қалада Компанияның қаражаты есебінен салынған жабық жүзу бассейні жұмыс істеп тұр. Қызылорда облысындағы Талсуат кентінде 300 орынға арналған психоневрологиялық интернат үйінің құрылысының аяқталуын қаржыландыруға Компания атсалысты. 
Биылғы жыл Астанада өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін мұнайшылардың тамашалауына үлкен мүмкіндік жасалды. ҚМГ БӨ орталық аппараты мен еншілес және тәуелді ұйымдарының әлеуметтік саясат құрылымдарының үйлесімді қызметінің арқасында бұл жұмыстар жоғары дәрежеде атқарылды. ҚМГ БӨ-нің қаржылай қолдауымен еншілес және тәуелді ұйымдардың 6 мыңнан астам қызметкері 3 ай бойы көрмеге келді. «Барлық шығындарды Компания өзі көтерді – бұл арнайы чартерлік рейстермен ұшу келу мен ұшу кету, тұру, үш мезгіл тамақтану, көрмені тамашалау. Басқа да көптеген компаниялар өз қызметкерлеріне көрмені көрсетуге тырысты,  ҚМГ БӨ қызметкерлеріне жасаған қолайлы жағдай ешкімде болған емес. Осы акцияны өткізудің нәтижелері бойынша біздің әлеуметтік құрылымдардың өзара жұмыс жасаудың жоғары деңгейін және жұмыстың өте жақсы сапалы орындалуын атап өткім келеді», – деді Б. Асқаров. 
Жиын барысында, сондай-ақ бірқатар проблемалық мәселелер де сөз болып, оларды шешу жолдары мен алдағы уақытқа жоспарлар талқыланды. «Тәжірибе көрсетіп отырғандай, Компанияның қызметкерлері мен олардың отбасыларын әлеуметтік қамтамасыз ету бо­йынша біздің жұмысымыз үнемі сапалы нәтиже көрсете бермейді. Өздеріңізге белгілі, біз арнайы комиссия құрып, балалар сауықтыру лагерлеріне кешенді тексеру жүргіздік. Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша өз міндеттерін лайықты орындамағаны үшін «Өзенмұнайгаз», «Қаражанбасмұнай» және ҚазГӨЗ-дің жа­уапты қызметкерлеріне шара қолданылды», – деді ҚМГ БӨ аппарат басшысы. 
ҚМГ БӨ комиссияның ұсынымы бойынша де­малыс үйлерінің, балалар лагерлерінің қызметте­рін бір көзден сатып алу үшін Сатып алу ережесіне толықтырулар енгізу туралы ұсыныстармен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ атына хат жолданған. Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Бас директорының нұсқаулығына сәйкес, ҚМГ БӨ-нің тиісті департаменті еншілес және тәуелді ұйымдар үшін қызметтерді көрсетуге типтік техникалық ерекшелік әзірлеп жатыр, оған сәйкес сатып алуға қосалқы мердігерлік ұйымдарды тарту алып тасталады. Яғни, демалыс қызметтерін көрсету жөніндегі шарттар тікелей ұйымдармен жасалады. Делдалдық құрылымдарды алып тастау біріншіден, компанияның шығындарын оңтайландыруға, екіншіден – қауіпсіздік пен қызмет сапасына бақылау жүргізу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. 
«ҚМГ БӨ компаниялар тобы қызметкерлері балаларының жазғы демалыстары үшін лагерлер мен ұйымдарды таңдау рәсімдері де әзірленіп жатыр. Тағы бір ұсынысымыз бар, ол – кезекті жазғы демалысты ұйымдастыру кезінде кәсіподақ комитеттерін қатыстыру. Еншілес және тәуелді ұйымдар мен кәсіподақ комитеттері арасындағы тиісті меморандумның жобасы да әзірлену үстінде. Компанияның әлеуметтік саясатын жүзеге асыруда кәсіподақ комитеттерінің рөлін арттыруымыз керек. Бірқатар ұйымдарда мұндай тәжірибе қолданылады, онда компанияның салалық құрылымдардың мін­детті қатысуымен кәсіподақ коми­теттері әлеу­меттік бюджеттік бағдарламалар операторлары болып табылады және мердігерлермен тікелей жұмыс жасайды. Бұл кәсіподақтың рөлін арттырады, корпоративтік мәселелердің шешіміне ықпал етеді», – деді Б. Асқаров. 
ҚМГ БӨ аппарат басшысы еншілес және қарасты ұйымдардың әлеуметтік бөлім­шелердің жетекшілеріне шипажай-курорттық жолдамаларды үлестіру кестесін тексеруді, осы мәселе бойынша бұрын келіп түскен шағымдарды назарға алуды тапсырды. «Қажет болса, өз жұмыстарыңыздағы оң және жағымсыз тұстарды айқындау, оларды түзету мақсатында ұжымдарда компания тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасы туралы сауалнама жүргізілсін. Тағы да бір жиі қойылатын сұрақтардың бірі, бұл міндетті медициналық сақтандыруды енгізу және компанияның әлеуметтік пакеті шеңберіндегі медициналық сақтандыру қызметтері. Өздеріңіз білесіздер, биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда жұмыс істейтін заңды тұлғалар, соның ішінде ҚМГ БӨ мемлекеттік медициналық сақтандыру қорына аударымдар жасайды. Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, МӘМС енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл ретте қызметкердің медициналық сақтандыруына қатысты Компанияның әлеуметтік міндет­темелері әлеуметтік пакеттің ажырамас бөлігі болып табылатынын және мемлекеттік медициналық сақтандырумен қатар бірге жүзеге асырылатынын атап айтқым келеді. Егер осы мәселеге қатысты жұмыскерлердің сұрағы немесе алаңдаушылығы болса, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Медициналық сақтандыру сияқты әлеуметтік қызметті қаржылай толтыруды Компания іске асыратынын қоса айтқым келеді», – деді Б. Асқаров. Сөзін қорытындылай келе, ҚМГ БӨ аппарат басшысы Б. Асқаров компаниялар тобындағы әлеуметтік бөлімшелердің жоғары кәсіби деңгейін және жақсы жұмысын атап өтті. «Сіздер қойылған міндеттерді ойдағыдай орындап, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ компаниялары тобының тұрақтылығы мен өркендеуіне зор үлес қосатындарыңызға сенімдімін. Алдағы уақытта да компаниямызды одан әрі дамытып, жұмысымызды жақсарту үшін біз бірлесіп еңбек етейік», – деді.
Жиында биылғы жылдың ақпан айынан бастап «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-да Омбудсмен болып тағайындалған Бақыт Иманғалиев осы саладағы қызметтің барысы, міндеттері туралы баяндады. Компанияда адам құқықтары жөніндегі уәкілге хабарласу үшін 8700 700 99 00 сенім телефоны да іске қосылғаны белгілі. 
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Әлеуметтік саясат және шаруашылық қамтамасыз ету департаменті Аутсорсинг секторының аға инженері Анаргүл Жақсиева Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы сөз етіп, оның маңызы және артықшылықтары туралы айтып өтті. «Бүгінгі күні еңбек нарығында жоғары білікті мамандарды тартуда басымдылық ретінде жұмыс берушілердің бір бөлігі ғана өз қызметкерлеріне медициналық сақтандыруды қоса алғанда, толық әлеуметтік пакетті ұсына алады. МӘМС енгізілуімен аталған әлеуметтік пакет мейлінше кеңейе түседі, біздің қызметкерлер және олардың отбасы мүшелері үшін қолжетімді және жан-жақты артықшылық болады», – дейді Анаргүл Жақсиева.


Форум барысында еншілес және қарасты компаниялардың әлеуметтік саясат саласындағы биылғы жылы атқарылған жұмыстары тыңдалды. Жиын аясында КИМЭП университетінің оқытушысы, психологиялық ғылымдарының докторы Ләйлә Ақылбекова сала мамандарына арнап тренинг өткізді. 
Әлеуметтік салада ұзақ жылдардан бері табысты еңбек етіп келе жатқан мамандарға «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Бас директоры Қ. Есқазиевтің Алғыс хаты салтанатты түрде табысталды.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх