Сарайшық сапары

Сарайшық сапары
03.11.2017
498
Әлеумет

Сарайшық сапары

Биылғы күз ембілік зейнеткерлер үшін танымдық бағыттағы жемісті кезең болды. Әуелі Ақмешітте, содан соң Бекет ата қорымында, одан соң көне қала Сарайшықта болып, қасиетті орындардан жақсы әсер алдық. Қазақ даласындағы ең көне тарихи орындардың бірі – Сарайшық қаласы киелі орындардың бірі ғой. «Хан ордалы Сарайшық» мемориалды кешенінің директоры Молдаш Бердімұратовтың айтуынша, бұл топырақта есімдері елге жайылған 12 әулие мәңгілік тыныс тапқан. Жеті ханның сүйегі, бір ханның басы жатыр. Мөңке Темір, Тоқтағу, Жәнібек, Әмір Оқас, Қасым хан, Шейх Мамай, Жүсіп хандарға арналып жеті құлпытас қойылған Аңыздарда Едіге мен Ер Тарғын батырлардың да осында жерленген. Молдаш аға қала тарихы, Алтын қайық, Секер көл, т. б. туралы әсерлі әңгімеледі, көңіл қойып, тыңдай бергің келеді. Осындай тарихи жәдігерлеріміз бүгінгі жас ұрпаққа аманат. Шежірелі орынға баруға көлікпен қамтамасыз еткен «Жайықмұнайгаз» және «Жылыоймұнайгаз» басқарма басшыларына көптен көп рахмет! 

Зоя Мұхамеджанова,
ӨТҚжЖК зейнеткері
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх