«Адамдар жүрегін сезіну!» «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ корпоративтік HR-форумы

«Адамдар жүрегін сезіну!» «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ  корпоративтік HR-форумы
23.11.2017
1967
Әлеумет

«Адамдар жүрегін сезіну!» «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ корпоративтік HR-форумы

Дәл осындай тақырыппен қарашаның 9-10 күндері Астанада «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ корпоративтік HR-форумы өтті. Шараға «Ембімұнайгаз», «Өзенмұнайгаз», «Қаражанбасмұнай», «Қазгермұнай»БК» компанияларының және «Argymak TransService», «ҚазГӨЗ», «Кен-Құрылыс-Сервис», «Карповский Северный», «ӨзенМұнайСервис», «Орал Ойл энд Газ», «Тұлпар Мұнай Сервис», «KMG EP-Catering», «Су өндіру және тасымалдау», «Технологиялық транспорт және ұңғымаларға қызмет көрсету», «Мұнай дайындау және өндірістік қызмет көрсету», «Ұңғымаларға қызмет көрсету», «Технологиялық транспорт», «Химияландыру және экология», «Өзенэнергомұнай», «Мұнай өнеркәсіп қондырғылары және технологиялық коммуникацияларды жөндеу», «Өндірістік-техникалық қызмет көрсету және жабдықтармен комплектациялау», «Бұрғылау жұмыстары», «Автоматтандыру және телекоммуникация», «Корпоративтік оқу орталығы» мекемелері HR қызметінің жетекшілері мен мамандары қатысты. 


«Самұрық-Қазына»ҰӘҚ», «ҚазМұнайГаз»ҰК, «Шелл Қазақстан», «Agip Karachaganak B.V.», «Теңізшевройл», «Oil Construction Company», «ҚазТрансГаз», «Интергаз Орталық Азия», «Амангелді Газ», «ҚМГ өндіру және бұрғылау технологиясы ҒЗИ», «ҚазТрансОйл», «KEGOC» компанияларының адам ресурстарын басқару салаларының басшылары мен мамандары форум қонағы болды. Жыл сайынғы бас қосу биыл ерекше форматта өтті. «Адамдар жүрегін сезіну!». Осы бір ізгілікке толы сөйлем форумның барлық басылымдық, бейнебаяндық, ақпараттық қолдау материалдарында көрініс тапты.
Форумға қатысушыларға «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиевтің құттықтау лебізі жолданды. Онда аталмыш шараның HR қызметі саласындағы білім мен тәжірибе алмасуда, сондай-ақ корпоративтік әріптестік пен өзара қарым-қатынасты нығайтуда маңызды оқиға екені баса аталды. Компания басшылығы форумның өтуіне үлкен қолдау білдірді. 


Форумда сөз сөйлеген «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Аппарат басшысы Бауыржан Асқаров қатысушыларға ізгі тілегін білдіріп, бүгінгі күні адам капиталы мен интеллектуалдық ресурсқа айрықша маңыз беріліп отырғанына назар аударды. «Адам капиталы – компанияның басты құндылығы. ҚМГ БӨ жетістіктері көп жағдайда қызметкерлердің кәсіби әлеуетін барынша мол іске асырудағы жұмыстардың нәтижесінде қол жетті. Әр компанияның мақсат, міндеттері бар. Оның іске асып, шешімін табуында HR қызметі көп күш салып жатыр. Уақыт бір орында тұрмайды, даму үстінде. Жаңа талаптарды қояды. Биылғы жылы жазда халықаралық ынтымақтастық аясында біраз жұмыстар атқарылды. EXPO-2017 халықаралық көрмесі аумағында ҚМГ БӨ және Eni S.p.A. компаниясымен аффилирленген «Аджип Қарашығанақ Б.В.» компаниясымен және «Шелл Қазақстан Б.В.», сондай-ақ И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай-газ университетімен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойылды. 


Қазіргі уақытта «Ембімұнайгаз», «Өзенмұнайгаз» компанияларының қызметкерлері Ресей мемлекеттік мұнай-газ университетінде магистрлық бағдарлама бойынша оқуда. Осы аталған оқу орнымен қол қойылған Меморандум аясында біздің кәсіпорындардың 115 қызметкері үшін арнайы оқыту бағдарламасын дайындау ісіне кірістік. Бағдарлама геология, геофизика, ұңғымаларды жерасты және жерүсті жөндеу бағыттарын қамтиды. Меморандум аясында Шелл компаниясының өндірістерінде біздің қызметкерлердің оқу-тәжірибе алмасудан өту шараларын жоспарлауды қолға алмақпыз. Eni S.p.A. компаниясымен өзара ынтымақтастығымыз өте жақсы дамуда.
Биылғы жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ инженерлері Миланда Eni корпоративтік университетінде және өндірістік нысандарында оқу-тәжірибе курсынан өтті. Осы жылдың қазан айынан бастап негізгі мұнай өндіру компанияларынан 4 топ менеджер Италияға Eni корпоративтік университетіне оқуға аттанды. Бүгінгі форумда Eni, Шелл компанияларының HR қызметі жетекшілері қатысып отыр. Осы орайда Компания басшылығының және барлық әріптестерімнің атынан Сіздерге өзара әріптестік ынтымақтастық қолдауларыңыз үшін алғысымды білдіремін», – деді ҚМГ БӨ аппарат басшысы Б. Асқаров. 
Шараға қатысқан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ адам ресурстарын басқару жөніндегі вице-президенті Серік Әбденов қатысушыларға ізгі тілегін білдіріп, форум жұмысына табыс тіледі. Бұдан соң «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ арасында ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл құжат ҚМГ ҰК және ҚМГ БӨ, сондай-ақ олардың еншілес және тәуелді ұйымдары арасында қызметкерлердің біліктілігін арттыру, озық тәжірибелерді алмасу, жаңа кәсіптік білім алу мақсаттарына арналған. 


Бұдан әрі форум жұмысы панельдік сессиямен жалғасты. Компанияда абыройлы еңбек етіп, кейін басқа салаларға қызметке ауысып, биік белестерді бағындырған мамандар аз емес. Панельдік сессияда құрметті орынға осындай қызметкерлер, әріптестер шақырылды. Олар: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Тарас Хитуов, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарушы директоры Майя Егімбаева, «Қазақтелеком» АҚ Бас қаржы директоры, Басқарма мүшесі Асхат Узбеков. Бүгінде «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ мұнайсервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры болып еңбек етіп жүрген Айнұр Шәненова панельдік сессия қонақтары ортасынан лайықты орын алды. ҚМГ БӨ қалыптасу тарихының бастауында болған А. Шәненованың еңбек жолы мұнай саласының дамуына арналып келеді. Кәсіби маманның форумға қатысушыларға айтары, естеліктері де қызықты болды. Панельдік сессияға қатысушы басқа да қонақтардың еңбек жолдары мен естеліктері көпшілікке жылы әсер қалдырды.

«Табысты іске асырылды!» 

Форумның алғашқы күні осы тақырыпқа арналды. Бұл күні ҚМГ БӨ және еншілес компанияларында HR қызметі салаларында енгізіліп, табысты іске асырылған жобалар туралы айтылып, мамандар өзара тәжірибе алмасты. Ал, екінші күн «Одан әрі өсіп-өркендейміз!» тақырыбында өрбіді. HR саласындағы жаңа бағыттар, тың жаңалықтарды үйрету үшін Ресейдің, Қазақстанның мамандары әртүрлі тренингтер өткізді. Форумға ҚМГ БӨ ITS ішкі тренерлер мектебінің қатысушылары да белсенді атсалысты. Форум қорытындысында фасилитациялық сессия өтіп, мамандар екі күндік шараны қорытып, алдағы уақытқа жоспарларын бірлесіп пысықтады. 
«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Қызмет­керлерді басқару және еңбекақы төлеу жөніндегі департаменті директоры Эльмира Каримова «ҚМГ БӨ» HR даму жолы тақырыбында баяндама жасады. Ол аталған шараның мақсаты – атқарылған ауқымды жұмыстың қорытындысын шығару, өзара тәжірибе алмасып, келешекке жоспарларды құру екенін атап айтты. «Форумның «Адамдар жүрегін сезіну» деген тақырып аясында өтуі кездейсоқ емес. Өйткені, HR адамдармен үлкен жүрекпен ғана жұмыс істей алады. Бұл кез келген сәтте көмек көрсетуге дайын болу. Қуанғанда бірге қуанып, қиналғанда сүйеу болу. Оның қандай формада болуы маңызды емес. Бастысы жүрекпен адамдар жанын түсіну! HR – бұл бір жағынан жұмыс берушінің және әрбір адамның мүддесі жолындағы жұмысты үйлестіретін сала. Сондықтан да сала мамандарын өз кәсібінің нағыз шеберлері деп атауға болады», – деді Э. Каримова. 
ҚМГ БӨ құрылған 2004 жылдың көктемі мен 2017 жылдың күзі аралығында ауқымды істер, қызметкерлерді дамытуға арналған тың жобалар жүзеге асырылды. Э. Каримова әр жылға тоқталып, жасалған іс пен оның нәтижесін айтып өтті. Өміршең жобалар аз емес. Олар қызметкерлердің кәсіби өсуіне, шыңдалуына үлкен серпін беріп келеді. 


«Әрі қарай» қандай жұмыстарды жоспарлап отырмыз? Біріншіден, біздің еншілес компанияларға education day (білім күні) өткізуді ұсынамыз. Екіншіден, біз «ҚМГ өндіру және бұрғылау технологиясы ҒЗИ» ЖШС-мен өндірістік қызметкерлер құзыреті картасын дайындау бойынша жұмысты жалғастырамыз және қызметкерлерді оқыту және бағалау бойынша И.М. Губкин атындағы РМУ басталған жұмысты тәмамдаймыз. Үшіншіден, біз ұлттық компаниямен бірлесіп ҚМГ ҰК компаниялар тобында қызметкерлердің тәжірибе алмасуы бойынша жобаны бастауды жоспарлап отырмыз. Мүмкін бүгінгі шара бізге тіптен тың, күтпеген жаңа жобалардың туындауына мүмкіндік беретін шығар. Барлығыңызға сәттілік тілеймін», – деді Э. Каримова.
Форумның алғашқы күнінде «Өзенмұнайгаз» АҚ Персоналды басқару және еңбекақы төлеу бойынша басқарушы директор Ерболат Сарсенов «Бос орындарды жабу жолдары» тура­лы, «Ембімұнайгаз» АҚ Қызметкерлерді басқару және еңбекақы төлеу департаменті директорының орынбасары Ғибрат Ауғанов «Еңбекті нормалау арқылы өндіріс тиімділігін қамтамасыз ету», «Қаражанбасмұнай» АҚ персоналмен жұмыс бөлімінің бастығы Жұма Кульбалаева «Қызметкерлердің жұмысқа шығуы бойынша күнделікті мәлімет», «Кен-Құрылыс Сервис» ЖШС персоналды басқару және еңбекақы төлеу бөлімінің бастығы Гүлмира Кульчарова ««Кен-Құрылыс Сервис» ЖШС қайта құрылымдау бойынша атқарылған жұмыстары туралы», «KMG EP-Catering» ЖШС директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Айнұр Айдарова «Өзгерістерді басқару немесе белгісіздіктен позитивке», «ЕМГ» жетекші инженері Серік Шығанов «ЕМГ-де дуалдық оқыту жүйесін енгізу туралы», ҚМГ БӨ аға маманы Ардақ Нұрбаева «Жастар саясаты. Жас мамандар күні» тақырыптарында баяндады. 


«Одан әрі өсіп-өркендейміз!» 

Осы тақырыпқа арналған форумның екінші күнінде Эмоционалдық интеллект, Digital HR, Scrum, Scribing, HR саласындағы жаңа бағыттар мен технологиялар, Коучинг – HR қызметіндегі тиімді және нәтижелі технологиялардың бірі, Қызметкерлер әлеуетін бағалау, Ағымдағы қызметтегі HR өлшемі, Ақша туралы қарапайым кеңестер, Ішкі коммуникация және корпоративтік газеттің ролі тақырыптарында шеберлік кластары өтті. ҚМГ БӨ ITS ішкі тренерлер мектебінің қатысушылары форум аясында көпшілікпен жұмыс жасап, ойын түріндегі түрлі шараларды да өткізді. Қазынашылық және корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры Алтынай Қонысбаева қаржылық сауаттылықты көтеруге бағытталған шеберлік класын өткізді. ITS ішкі тренерлер мектебінің қатысушылары форумда үлкен аудиториямен жұмыс істеу жақсы тәжірибе болғанын айтты. 


Анаргүл Жақсиева, 
«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ:
– Ішкі тренерлер мектебі маған үлкен серпіліс берді. Мен өз жұмысымда жаңа белестерді көрдім. Өз әріптестеріммен қарым-қатынасым одан сайын нығайды. Бұл мектеп әртүрлі адамдармен жұмыс істеудің қыр-сырын үйретті. Көп жағдайға көзқарасым өзгерді. Өзімді жаңа адаммын деп айтуыма болады. Форум әсерлі өтті.

 


Ернұр Сәбікенұлы, 
«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ:
– Қазіргі уақытта өз ісінің маманы болу аздық етеді. Табысты болу үшін барлық жағынан икемді болу керек деп ойлаймын. Күнделікті өзіңді шыңдап жаңартып отырмасаң бір орында қалып қоясың. Мен өзімнің мамандығымды жетілдіріп қана қоймай коучинг жағынан да дамытуды мақсат еттім. Сол себепті ITS-ке келдім. Мен үшін бұл үлкен мектеп. 

 


Сәнжан Сырлыбаева, 
№ 5 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасы:
– Форумға қатысқаныма өте қуаныштымын. Шара аясында жақсы бағдарламаларды үйрендік. Атырау, Орал, Қызылордадан келген әріптестерімізбен таныстық. Ой бөлісіп, кәсіби деңгейімізді жоғарылатып, білмегенімізді үйреніп, білгенімізді айтып жатырмыз. Осы форумды ұйымдастырған ҚМГ БӨ-ға мыңда бір алғысымызды айтамыз. Тілегімізді де білдіргіміз келеді. Форум қамтыған шаралар қазақ тілінде де көбірек өтсе деген тілегіміз бар.


Гүлайым Жанқасымова, 
ӨМГ, Мұнай өнеркәсіп қондырғылары және технологиялық коммуникацияларды жөндеу басқармасы:
– Мен ҚМГ БӨ Қызметкерлерді басқару және еңбекақы төлеу жөніндегі департаменті директоры Эльмира Каримоваға өте үлкен ризашылығымды білдіргім келеді. Осындай форумға қатысқаныма өзім өте қуаныштымын. Тәжірибе алмасуға, өзара қарым-қатынасты нығайтуға көп көмегін тигізеді. 

 


Жұма Кульбалаева,
 «Қаражанбасмұнай»АҚ: 
– Форумда персоналдың күнделікті жұмысқа шығуын тексеру формаларын жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндадым. Кен орындарында жұмыс уақытын есептеу жөніндегі барлық журналдар электронды формаға көшірілген. Бұл табель ретіндегі Excel файл. Онда бөлімшенің жұмыскерлері туралы барлық ақпарат бар. Аты-жөні, табельдік номері, лауазымы, мамандығы, разряды, вахтасы, ауысымы және басқа да қажетті мәліметтер қамтылған. Бұл форманы цех бойынша жауапты қызметкер күнделікті толтырып отырады. Форма компания серверіндегі бөлімшенің папкасына орналастырылады. Бұл мәліметтер бізге еңбек демалысын жоспарлауға, компаниядағы нақты тамақтандыруды бақылап отыруға да көп көмектеседі.

 


Гүлбану Шарафетдинова,
«Ембімұнайгаз» АҚ: 
– Бұрын біз жылдың соңында есеп беруге жиналатын едік. Ал, биыл ҚМГ БӨ бұл шараны үлкен форум етіп өткізіп жатқанына ризамыз. Өзара тәжірибе алмасып, қарым-қатынасымызды одан әрі нығайтып жатырмыз. Жан-жақтан келген әріптестеріміздің жобалары, сондай-ақ өтіп жатқан шеберлік кластарының берері көп болды. 

 


Ботагөз Әшірбекова,
«Қазгермұнай»БК»ЖШС:
– ҚМГ БӨ HR жүйесі өзінің жоғары деңгейімен, тиімділігімен ерекшеленеді. Мұнда теория деңгейіндегі емес, нақты қолданысқа енгізілген жобалар бойынша тәжірибе алмасулар өтуде. Өзара пікіралмасып, ойларын ортаға салуда. Сондықтан оның пайдасы өте зор. HR қызметі нарыққа қажетті бәсекеге қабылетті қаншама маманды шыңдап, өсірді. 14 жылда қаншама жоба жүзеге асырылды! Форумның практикалық жүгі салмақты.

 


Гүлмира Кульчарова, 
«Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС: 
– Форумның форматы өте ұнады. 2-3 жылдан бері мұнай сервистік компанияларына көп көңіл бөлініп жатыр. Біздің серіктестікте көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Уақыт бір орында тұрмайды. Біз де қызметімізді әрі қарай дамытып, жетілдіреміз. Көздеген мақсаттарға жетуіміз керек.

 


Ақтоты Сүтбаева, 
«Су өндіру және тасымалдау басқар­масы» ЖШС:
– Биылғы шара ауқымы өте ұнады. Бұл біздің жыл сайын күтетін бас қосу жиналысымыз. ҚМГ БӨ департамент директоры Э.Каримованың тапқырлығына таң қаламын. Форум өзара тәжірибе алмасуға өте пайдалы. Алғысымды айтамын. 

 


Ермек Көптілеев, 
«Өзенмұнайгаз» АҚ:
– Биылғы шара өте ауқымды деп айтуға болады. Бізге жақсы жігер беріп жатыр. Әрі қарай дамуға ынталандырады. Көкейде жүрген сұрақтарға жауап табасың. Әріптестеріңді көріп қуанасың. Форумның пайдасы өте мол. 

 


Гүльвира Жакупова,
«Өзенмұнайсервис» ЖШС: 
– Биылғы форумның бір ерекшелігі бөлімнің барлық қызметкерлері шақыртылып, қатысып жатырмыз. Бұрын тек қана бөлім басшылары келетінбіз. Келгенде жыл бойы атқарылған жұмыстарды баяндайтын едік. Биыл ерекше өтіп жатыр.  

 


Рита Жұбаназарова,
«Өзенмұнайсервис» ЖШС:
– Біріншіден, форумның атмосферасы қатты ұнады. Жаңа әріптестерімізбен танысып, ерекше әсерде отырмыз. 5 минутқа шығып кетуге бір нәрсе біле алмай қалатын сияқты боласың. Форумның берері көп болуда. Біз өз кәсіпорнымызда бірқатар жұмыстарды атқарып жатырмыз. Мамандар кәсіби шеберліктерін шыңдауда. Инженер, техникалық қызметкерлер арасында тембилдингтер өткіздік. 


Алтынай Берегенова,
«Ембімұнайгаз» АҚ: 
– Жыл сайынғы семинар кеңеске басшылар қатысатын. Биыл форум деңгейіндегі шараға Ембі басқару аппараты мен 4 МГӨБ және 2 құрылымдық бөлімшеден 32 адам келдік. Кадр бөлімінің және еңбекақы төлеу қызметкерлерінің бәрін алып келуге тырыстық. Қуана қабылдап жатыр. Форумның ұйымдастырылуы жоғары деңгейде.  


Нұргүл Нұрғалиева,
«Доссормұнайгаз» МГӨБ:
– Мен форумнан өте жақсы әсер алдым. Үйренетін нәрсе көп болды. Форумнан алғанымды еңбек тәжірибемде қолданамын деп ойлаймын. Ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін. 

 


Руслан Макашев, 
«Қаражанбасмұнай» АҚ: 
– ҚМГ БӨ басшылығына осындай форум ұйымдастырғаны үшін көп рахмет. Біз бүгін бір-бірімізбен жақын танысып, тәжірибе алмасып жатырмыз. Ол өте маңызды деп ойлаймын. Қаражанбаста соңғы екі-үш жылда бірқатар жобалар енгізілді. Мәселен, бұл кадрлық резервті қалыптастыруда «Жаңа толқын» және жас мамандарды жұмысқа орналастырудағы мемлекеттік саясатты қолдау бағытындағы «Жас маман» жобалары. 

 


Сәуле Шоханова, 
«KMG EP-Catering» ЖШС:
– HR-форумның біздің жұмысымызға тигізер пайдасы өте зор. Әріптестерімізбен кездесіп, тәжірибе алмасамыз. Салада болып жатқан тың жаңалықтар туралы білеміз.  


Гүлдария Жанаралова, 
«Өзенмұнайгаз» АҚ:
– Биылғы 2017 жылғы оқу жоспарымыз бойынша жалпы біздегі 9 мыңға жуық адамның ішінде сыртқы оқуларға 2 мыңға жуық адамды оқытуды жоспарлаған болатынбыз. 3 тоқсан бойынша барлық оқу жоспарымыз орындалды деп айтуымызға болады. Бұл бағыттағы жұмыстарды әрі қарай жалғастырып жатырмыз. Форум кең форматта өтіп жатыр. Алдағы жұмысымызға пайдасы көп деп ойлаймын.

 

Форум кезінде холлға қойылған тілек тақтасына қатысушы­ларға «Барлау Өндіру» басқы екі әріпті қолданып өз ұсыныс, ой-пікірлеріне жазуына мүмкіндік берілді.Тақта көптеген жақсы тілектерге толды. Ал, ҚМГ БӨ мұнай сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры Айнұр Шәненова өз кәсібінің шебер маманы ғана емес, суырып салма ақындығымен де әріптестерін тәнті етті.

 

Тарас Хитуов, 
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты: 
– Форум қонағы ретінде қатысып, бір кездері салада бірге еңбек еткен әріптестерімді көріп қуанып жатырмын. Бір отбасындай бірлікте еңбек еттік. Қазір депутат болып жүргенде өңірлерге барып, мұнай компанияларында болып, біздің мұнайшылармен кездесеміз. Қандай сұрақтар, ұсыныстар бар, бәрі бізге түсіп отырады. Форум жұмысына сәттілік тілеймін. «Маман бәрін шешеді» деген нақыл өз құндылығын жойған жоқ. Кәсіпорындар жұмысы жемісті болып, алға өрлей берсін. 

 

Асхат Узбеков,
«Қазақтелеком» АҚ: 

– Форум керемет ұйымдастырылған. Ұйымдастырушыларға үлкен рахметімді айтамын. Егер компания адам капиталын инвестиция құятын және бағалайтын болса, ол компанияның болашағы зор деп ойлаймын. 

 

Шолпан Алтыбаева, 
«Теңізшевройл» ЖШС
– Форум идеясы, ұраны маған өте ұнады. ҚМГ БӨ басшылығының форумға қолдау көрсетуі – компания үшін адам ресурсы басты құндылық екенін көрсетеді. Мен де үш жылдай осы компанияда жұмыс істедім. Көптеген қызықты жобаларды іске асырдым. Көптеген бұрынғы қызметкерлер осы форум қонағы ретінде үлкен ықласпен қатысты. Өйткені, жұмыс беруші қызметкерін сыйлайтын, еңбекті бағалайтын компания осындай болуы керек. Мұндағы атмосфера бәрі ұнады. Бәрі кәсіби тұрғыда жасалған. Мен ҚМГ БӨ HR қызметінің осындай деңгейде жұмыс істейтініне шын көңілден өте қуаныштымын. 

 


 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх