ҚМГ БӨ 2016 жылға арналған бюджетіне түзету енгізілді

ҚМГ БӨ 2016 жылға арналған бюджетіне түзету енгізілді
16.04.2016
411
Экономика

ҚМГ БӨ 2016 жылға арналған бюджетіне түзету енгізілді

Наурыздың 30-ы күні ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі 2016 жылға арналған бюджетке түзетуді мұнайға орташа жылдық баға болжамымен Брент сұрыбына баррелі үшін 30 АҚШ доллары мөлшерінде және бір АҚШ доллары үшін 360 теңге орташа жылдық бағамымен бекітті. 2016 жылға арналған бюджет, сондай-ақ 2016 жылдың 1-наурызынан бастап мұнайдың Брент сұрыбы бағасына мұнайға экспорттық кеден салығы ставкасын таңуын қарастырады.

ҚМГ ҰК және Директорлар кеңесімен бірнеше келіссөздер және кеңесулерден соң ҚМГ БӨ басшылығы 2016 жылдың сәуірінен бастап мұнай өнімдерін сатумен байланысты мұнай процессингінің дербес схемасына өту туралы шешім қабылдады. ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі бұл шешімді қолдады. Процессинг схемасына өтуге байланысты өзгерістер де бекітілген 2016 жылдың бюджетінде көрсетілген.

2015 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд мөлшері ұсынылды

Компания ІРО-ға шыққалы бері алғаш рет Директорлар кеңесі қарапайым акцияларға дивиденд төлемеу туралы ұсыныс берді. ҚМГ БӨ Жарғысына сәйкес, артықшылықты акциялар бойынша акциясына 25 теңгені құрайтын жылдық кепілдендірілген ең төменгі дивиденд мөлшері төленетін болады. Бұл шешім 2016 жылдың 24 мамырында акционерлердің жалпы жылдық жиналысында Компания акционерлерінің бекітуіне жатады.

Директорлар кеңесінің дивиденд төлемеу жөніндегі ұсынысы 2014 жылдың соңынан бері сатылып жатқан мұнай бағасының күрт құлдырауының нәтижесінде Компанияның операциялық қызметінен түсетін қаржылық нәтижелері мен теріс ақша ағымына байланысты. ҚМГ БӨ негізгі активтерінің салықтық міндеттері мен мұнай өндірудің өзіндік құны жоғары болып қалып отыр.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх