«ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ-ға жаңа басшы сайланды

«ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ-ға жаңа басшы сайланды
11.12.2017
441
Қызметкерлер

«ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ-ға жаңа басшы сайланды

Қарашаның 20-ы күні «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиев «Қаражанбасмұнай» АҚ ұжымына Компанияның жаңа басшысы Сүйіндік Тасеменұлы Алдашевты таныстырды. Бұл қызметке дейін Сүйіндік Тасеменұлы Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған. 
Жаңа басшыны таныстыру барысында Қ.Есқазиев «Қаражанбасмұнай» АҚ президенті міндетін уақытша атқарған Б.Баймулдиновке алғыс білдірді. Ал, компанияның жаңа басшысы директорлар кеңесінің шешімі бойынша сайланғанын баяндады. Ұжымға жаңа басшыны таныстыру рәсіміне «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ аппарат басшысы Б.Асқаровпен бірге лауазымды тұлғалар қатысты.

Бұдан бөлек, «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылық құрамында да өзгерістер болғаны хабарланды. Өндіріс жөніндегі Вице-президент лауазымына Әбдірахманов Нұржан Базарбайұлы, кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Вице-президент лауазымына Шелпеков Балабай Ақбердіұлы тағайындалды.


Жиын барысында бұған дейін «Қаражанбасмұнай» АҚ кадр және құқықтық мәселелер жөніндегі Вице-президенті қызметін атқарған Руслан Бексұлтанұлы Макашевқа ҚМГ БӨ АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиев Алғыс хат табыстап, компанияға сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх