Дәнекерлеу ісі үлкен шеберлікпен атқарылады

Дәнекерлеу ісі үлкен шеберлікпен атқарылады
11.12.2017
501
Өндіріс

Дәнекерлеу ісі үлкен шеберлікпен атқарылады

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы, №1 Мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты Өндіріске қызмет көрсету цехы – жұмыс ауқымы өте кең, күрделі цех. 
Осы цехта абыройлы қызмет атқарып жүрген дәнекерлеуші Оңдаған Дауылов пен кесуші Мұқанғали Жанаевтардың Өзен кенорнының дамуына қосып жүрген өзіндік үлестері зор. 
Оңдағанның мұнай саласында жұмыс жасап жүргеніне 32 жыл болса, Мұқағалидың еңбек өтілі 20 жылды құрайды. 
«Қысы-жазы қайнап жататын өндіріс жұмысын біздің кәсібімізсіз елестету мүмкін емес. Дәнекерлеуші мен кесуші мамандығы өндірістің ажырамас құрамдас бөлігі іспетті. Жарылған құбырларды жамап-жасқау, шарбақтар құрастыру – дәнекерлеу жұмыстарынсыз бітпейді. Кесуші көйлек пішкен тігінші сияқты қажет нәрсенің пішімін шығарып берсе, дәнекерлеуші сол нәрсені үйлестіріп жабыстырады. Жұмысымыз қиын, әйтсе де өзімізге ұнайды. Осы кәсібіміз арқылы отбасымызды асырап, ел экономикасының өсуіне еңбек сіңіріп жүрміз», – дейді ащы тердің тәтті дәмін татып жүрген өз ісінің майталмандары. 
«Компанияның жарқын болашағы үшін әрқайсымыз ерінбей еңбек етіп, өз үлесімізді қосу міндетіміз», – дейді олар. 
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх