Білімді маман – компания болашағын қалайды

Білімді маман – компания болашағын қалайды
11.12.2017
432
Қызметкерлер

Білімді маман – компания болашағын қалайды

Қаражанбас кенорнында «ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ ұйымдастырумен өткен «Үздік маман-2017» кәсіби-шеберлік байқауының үздігі атанған Аманкелді Ермұханов «Өзенмұнайгаз» АҚ, №3 МГӨБ скважиналарды зерттеу операторы болып 2010 жылдан бері жемісті еңбек етіп келеді. Ол мамандығының қыр-сырын әбден меңгеруіне еңбек сіңірген тәлімгері Орынбасар Қонысовқа риясыз алғысын білдірді. Аманкелдінің әкесі Келдібай Ермұханов та осы басқармада ұзақ жылдан бері оператор болып еңбек етіп келеді.
Жұмысына өте ұқыпты, жылдар бойы тәжірибесі шыңдалған маман жұмыстан бос уақытында арғы бабасынан ауысып келе жатқан атбегілікпен айналысады. Оның желмен жарысқан  жүйрік сәйгүлігі 2001 жылы Таушық елдімекенінің 60 және 2003 жылы Шетпенің 75-жылдығына орай ұйымдастырылған бәйгеде бас жүлдені қанжығасына байлады. 
Маманның қарым-қабылеті мен білімі сынға түсетін байқауда І орынға ие болған Аманкелді «Өзенмұнайгаз» сияқты алып компанияда жұмыс жасап жүріп, өмір сүрудің өзі қуаныш екендігін айтады. 
«Байқау әрбір маманның білімі мен біліктілігін барынша арттыруға зор ықпалын тигізеді. Білімі мен біліктілігі жоғары маман ғана қоғамға үлес қосып, компанияның болашағын қалайды», – дейді ол.
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх