«Жігіт сұлтаны» сайысы өтті

«Жігіт сұлтаны» сайысы өтті
11.12.2017
309
Әлеумет

«Жігіт сұлтаны» сайысы өтті

«Мұнайшы» мәдениет сарайында «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы Жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен «Жігіт сұлтаны» сайысы өтті. Сайысқа компания аппарат басқармасы, №3 Мұнай газ өндіру басқармасы, №2 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасы, «KMG EP-Cаtering», «ӨМС», «ОргСнаб-НП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен қатысқан жігіттер өнерімен, білімімен, күшімен жарысып, бақ сынасты. 
Сайысты бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары, әділқазылар алқасының төрағасы Мақсат Ибағаров ашып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Сәлем – сөздің анасы» демекші, алғашқы тур «Сәлемдесу» деп аталды. Жігіттер өздерін көрермендерге қара сөзбен, өлеңдетіп таныстырды.
Бірінші болып «ОргСнаб-НП» ЖШС қызметкері Серікбай Балтабаев бастады. Сәлемдесуді екінші болып №2 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасының жұмыскері Қанат Ақбаев домбырамен жалғастырды. «ӨМС» ЖШС қызметкері Дәулет Нөкеров өзінің «Кең даламен сырласу» монологы барысында өзін таныстырып, арманын да айтып өтті.
Аппарат басқармасынан әріптесіміз Ерлан Тағаев шықты. Өнер сайысында Қанат Ақбаев домбырамен күй тартты, Ерлан Тағаев пантомима ұсынып бүкіл әлем сүйсініп көретін Чарли Чаплиннің образын сомдап, көрермендерді таңқалдырды. №3 МГӨБ жұмыскері Берік Қорғанбаевтың сомдаған мүгедек бала образы шебер шықты.  
«ӨМС» ЖШС қызметкері Дәулет Нөкеров Сирияға кетіп сергелдеңге түскен бауырымыздың өмірін бейнеледі. Жалпы қатысушылар «сүрініп кетіп, бүлініп жүрген тағдырларды» көрсетті. Мүмкін олар көрерменге ой салуды көздеген болар.
Сайыста әннен, әзілден шашу шашылды. 


«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» бас жүлдені Берік Қорғанбаев (№3 МГӨБ), І орынға Серікбай Балтабаев(«ОргСнаб-НП» ЖШС), ІІ орынға Дәулет Нөкеров («ӨМС» ЖШС), ІІІ орынға Ерлан Тағаев (аппарат басқармасы) ие болды. 
Жеңімпаздар диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болды. Сайыс өте жоғары деңгейде өтті. 

«ӨзенМұнайГаз» АҚ 
Жұртшылықпен байланыс департаменті

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх