ҚМГ БӨ Жаһандық депозитарлық қолхаттарға қатысты шартты тендерлік ұсынысты іске қосқаны туралы хабарлады

ҚМГ БӨ Жаһандық депозитарлық қолхаттарға қатысты  шартты тендерлік ұсынысты  іске қосқаны туралы хабарлады
12.12.2017
449
Экономика

ҚМГ БӨ Жаһандық депозитарлық қолхаттарға қатысты шартты тендерлік ұсынысты іске қосқаны туралы хабарлады

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ  барлық өзінің шығарылған ЖДҚ-ны, бір ЖДҚ үшін 14,00 АҚШ доллары бағасымен сатып алу туралы шартты тендерлік ұсынысты іске қосқаны туралы хабарлайды. 

ҚМГ БӨ Тендерлік ұсынысты оларға тиісінше тендерлік тапсырыс берілген, ЖДҚ-ның жеке капиталы есебінен, Тендерлік ұсыныста көрсетілген Баға бойынша сатып алу жолымен іске асырады. Тендерлік ұсынысты қабылдаған білікті ЖДҚ ұстаушылары төлеушінің салығын алып тастағанда, әрбір ЖДҚ үшін 14,00 АҚШ доллары мөлшеріндегі өтемақыны алуға құқылы. 
Тендерлік ұсыныста көрсетілген Бағада, 2017 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 11,32 АҚШ доллары ЖДҚ бағасына 30 күнге қатысты  орташа есептелген 23,7 пайыз мөлшеріндегі сыйақы көрсетілген. 
Тендерлік ұсыныс барлық қатынастарда сөзсіз болған жағдайда, Компания  сондай-ақ, ҚМГ ҰК-ға әлі тиесілі емес, өзінің  барлық Жай акцияларын сатып алу мақсатында ЖДҚ-ға қатысты Тендерлік ұсыныс сияқты осындай экономикалық талаптармен бұдан кейінгі  Тендерлік ұсынысты іске қосады.
ЖДҚ-қа қатысты Тендерлік ұсынысты іске қосуды Компанияның Директорлар кеңесі бірауыздан мақұлдады. 
ЖДҚ-ға қатысты Тендерлік ұсыныс туралы қосымша ақпарат және Лондон қор биржасының биржалық тізімінен шығару және Қазақстан қор биржасының биржалық тізімінен шығару циркулярда берілген, ол Компанияның веб-сайтында орналастырылған.
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх