«Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлері – «Жыл адамы-2017» байқауының жеңімпаздары

«Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлері – «Жыл адамы-2017» байқауының жеңімпаздары
25.12.2017
361
Қызметкерлер

«Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлері – «Жыл адамы-2017» байқауының жеңімпаздары

Атырау қаласындағы Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде жыл сайынғы жалпықалалық «Жыл адамы-2017» байқауы қорытындыланып, онда 13 номинацияның 2-ін «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлері жеңіп алды. «Өндіріс саласының үздігі-2017» аталымы бойынша «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының мұнай дайындау және айдау цехының жөндеушісі Дархан Жаңабаев үздік деп танылса, «Үздік жас мамандар комитеті-2017» номинациясы бойынша Компанияның «Жас мамандар» кеңесі жеңімпаз атанды. 
– Ембімұнайгаз» АҚ-да қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру бағытында үлкен жұмыстар атқарылуда.  Компания қызметкерлері тұрақты түрде қажетті оқулардан өтіп тұрады.  Сонымен қатар, жас мамандардың әлеуеттерін арттыруға да үлкен көңіл бөлінуде. 2013 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның Стратегиясын жүзеге асыру мақсатында барлық өндірістік-құрылымдық бөлімшелерде жастардың белсенділігін арттыру үшін құрылған «Жас мамандар» кеңесі Компанияның әлеуметтік жобаларының іске асуына да белсенді араласып келеді, – деп атап өтті ЕМГ қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу департаментінің директоры Гүлбану Шарафетдинова.
Жыл сайын өтетін «Үздік маман-2017» ұжымдық байқауында мұнайшылар теориялық білімдерін тексеріп, тәжірибелік білімдерін шыңдаса, жас мұнайшылар жаңа жобаларын «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ компаниялар тобы арасында ұйымдастырылатын «Жас маман күні» ұжымдық форумында қорғайды. Биыл V Форум Атырау қаласында өтіп, Дархан Жаңабаевтың жобасы энергетика және автоматика секциясында үздік танылып, «2017 жылдың үздік өнеркәсіп маманы» номинациясын жеңіп алды. Сол себепті де ол үздік деп танылып отыр. 
Ал, Серік Шығанов жетекшілік ететін ЕМГ жас мамандар кеңесінің алғаш ұйымдастырған шарасы Атырау сәбилер үйіндегі жүйке жүйелерінің ауруына шалдыққан балалар үшін ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы болды. Аталған акцияға алты өндірістік бөлімшенің барлық жас мамандары қатысты. Сонымен қатар, ембілік жастар 2015 жылы Атырау қаласында болған қатты нөсер жауынның салдарын жоюда да белсенділік танытты. Ал, 2017 жылдың қыркүйек айында «Жас мамандар кеңесі» мүшелері Компанияның 95 жылдығына орай Ембінің тарихи жерлерін аралады. ЕМГ жастары өңірде болып жатқан шараларға үнемі атсалысып отырады. Соған орай ЕМГ АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков: «Жастарымыз ерледі, үлкен еңбек сіңіруде. «Жыл үздігі» атану – Компания үшін үлкен жетістік. Жеңіс құтты болсын!», – деді.  


 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх