Жаңа жыл құтты болсын! Құрметті әріптестер!

Жаңа жыл құтты болсын! Құрметті әріптестер!
25.12.2017
314
Қызметкерлер

Жаңа жыл құтты болсын! Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2018 Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
2017 жылы біздің үлкен еңбек ұжымы ынтымақ-бірлікте абыройлы еңбек етті. Біздің негізгі міндетіміз – мұнай өндіру, жоспарды орындау! Осы жолда Сіздердің әрқайсыңыз адал еңбек етіп, өз үлестеріңізді қосып келесіздер. 
Алдағы келе жатқан Жаңа жылда жемісті еңбек етіп, алға қойылған міндеттерді ынтымақ-бірлікте абыроймен атқарайық. «Ырыс алды ынтымақ» деген, үлкен еңбек ұжымымызда лайым тек өзара сыйластық, түсіністік, береке-бірлік салтанат құрсын. 
Өндірісте барлық қауіпсіздік талаптарын бұлжытпай орындап, биік белестерді бағындырайық. Ең бастысы – Сіздердің әрқайсыңыздың амандығыңыз! Жаңа жылда да отбасыңыздың, перзенттеріңіздің қызық-қуанышына бөленіп, бәйтерек, үлкен тірек болып жүріңіздер. 
Ел экономикасын дамыту жолындағы қызметіміз 2018 жылы да жемісті болсын. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт-береке болып енсін. Ойға алған арман-мақсаттарыңыз орындалсын! Жаңа жыл жақсылығы мен қуанышын сыйласын! Төрімізге қыдыр-бақ болып қонсын! Құтты жыл болсын! 

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх