«Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Ә. Жақсыбеков – «Құрмет» орденінің иегері

«Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Ә. Жақсыбеков – «Құрмет» орденінің иегері
25.12.2017
380
Қызметкерлер

«Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Ә. Жақсыбеков – «Құрмет» орденінің иегері

15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай Астанада өткен мұнай-газ саласы қызметкерлерін ұлығылау салтанатты шарасында «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков «Құрмет» орденімен марапатталды. 
«Құрмет» орденімен қоғамдық қызметке белсене араласып, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына, халық арасындағы достық пен ынтымақтастың нығаюына еңбек сіңірген қайраткер азаматтар марапатталады. 
Ә.Жақсыбеков саналы ғұмырын еліміздің мұнай-газ өнеркәсібінің дамуына арнап келеді. 1982 жылы «Ембімұнай» ӨБ-не қарасты «Доссормұнай» МГӨБ-нің Байшонас кен алаңында 2-разрядты мұнай және газ өндіруші операторы болып басталған еңбек жолында үлкен өндіріс мектебінен өтті. Саладағы жауапты буындарда  қызмет етті. 2017 жылдың 24 сәуірінен бастап «Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен Компанияның Басқарма төрағасы болып сайланып, абыройлы еңбек етіп келеді. ЕМГ басшысын жоғары мемлекеттік марапатымен құттықтаймыз! 
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх