Қайырымдылық - қасиетті ұғым

Қайырымдылық - қасиетті ұғым
10.01.2018
348
Әлеумет

Қайырымдылық - қасиетті ұғым

Дінімізде қайырымдылықтың ең абзалы – мұқтаж жандардың қажетін өтеу делінеді. Жақсылық қылсаң мұқтаж адамға жаса, ол сенің көмегіңді, ізгі ниетіңді бүкіл жан дүниесімен ұғынады, ұмытпайды. Осы бағытта «Ембімұнайгаз» АҚ жыл соңында бірқатар жаңажылдық қайырымдылық шарасын өткізді. ЕМГ Бас кеңсесінде жергілікті суретшілер мен қолөнер шеберлерінің бұйымдарынан жәрмеңке өткізу арқылы түскен 473 735 теңге нақ мұқтаж жандарға арналды. Үй жалдап жүрген көп балалы отбасында сал ауруымен ауыратын, ата-анасы жұмыссыз отбасында киер киімге зәру бала бар, жалғыз басты ана балаларын жеткізем деп талпынады... Тізбектеп айта берсе көп, осындай жағдайы төмен бірнеше отбасына көмек жасалды.

Балаларға арналған қайырымдылық шыршалары 8 медициналық және арнаулы мекемеде: тіл мүкістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты, облыстық балалар ауруханасы, №1 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, «Шаңырақ» отбасылық үлгідегі балалар үйі, №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, балаларды оңалту орталығы, «Болашақ» қоғамдық қоры және туберкулезге қарсы диспансерде өтіп, оған шамамен 1300 бала қатысты. Ал, 550-ге жуық мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына арналған жыл сайынғы ең басты шара облыстық драма театрда өтті. «Берсең – балаға бер» дегендей, мұның бәрі балалардың көңілін көтеріп, отбасының болашаққа деген жаңа үмітін сәл де болса жаққаны рас. Халқымыздың көне сөзінде «Төрт нәрседе үміт бар: жас – өсемін деп үмітті, жалғыз – көбейемін деп үмітті, жарлы – байимын деп үмітті, ауру – жазыламын деп үмітті», – деп айтылады. Ендеше үміт оты сөнбей, қайырымдылық іс жалғаса берсін.  

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх