«ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ Басқарма Төрағасының Жолдауы. Біздің қауіпсіздікке бағытталған жолымыз

«ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ  Басқарма Төрағасының Жолдауы. Біздің қауіпсіздікке бағытталған жолымыз
19.01.2018
314
Өндіріс

«ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ Басқарма Төрағасының Жолдауы. Біздің қауіпсіздікке бағытталған жолымыз

Жаңа еңбек жылын бастай отырып, ҚазМұнайГаз компаниясы тобы­ның (бұдан әрі – ҚМГ) әрбір жұмыскері қауіпсіз­дік пен сенімділіктің неғұрлым жоғарғы деңгейіне жету үшін жұмыс орындарындағы апатты оқиғалар мен жазатайым оқиғалар­ды болдырмау үшін өзінің еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты қорғауды жетілдіру үшін қос­қан үлесін бағалау қажет. 
ҚазМұнайГаз компаниясы және мердігер ұйымдарының жұмыс­керлерінің қауіпсіздігі мен денсаулығын жақсартуға, сондай-ақ жергілікті қауымдастықтардың әл-ауқатына ұмтылу ҚазМұнайГаздың бизнестегі ұзақ мерзімді табыстылығының негізі болып табылады.
Біз өзіміздің негізгі құндылықтарымызға ортақтасатын, сондай-ақ тұтастылық пен мінсіздікке талпынысымызды қолдайтын ҚазМұнайГаздың барлық қызметкерлерін қатыстыра отырып, еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты қорғау мәдениетін дамытуға ұмтыламыз. Осы мақсатқа жету үшін бізге Сіздердің жеке мүдделеріңіз бен қолдауларыңыз қажет.    
Қауіпсіздік және денсаулық сақтау мәдениеті әрқашан көшбасшыдан басталады. Жетекшілер басқа жұмыскерлерге өз әрекеттерімен үлгі болады, ал бұл өз кезегінде мәдениетті қалыптастырады. Сондай-ақ, жетекшілер талаптарды белгілеп, құрылым жасап, басқаларды оқытып және жұмыскерлерге нәтиже үшін жауапты болуды үйрете отырып, мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді. Мұндай қауіпсіздік мәдениеті ҚазМұнайГаздағы басқарудың әрбір деңгейінің ажырамас бөлігі болуы тиіс. Ол үнемі нығайып, жетілдірілуі керек, қауіпсіздік және денсаулық сақтау мәселелері басқа басымдықтарға қарағанда жоғары болуы тиіс.
Біздің басты мақсатымыз – ҚазМұнайГаз бен мердігер ұйымдары жұмыскерлерінің күн сайын үйлеріне аман-есен қайтуы үшін жағдай жасау.
Біз ортақ басты мақсатымыз – ЗИЯНСЫЗ ЖҰМЫС ЖАСАУҒА қол жеткізу үшін қашанда еңбектенетін боламыз.
Қауіпсіздік мәдениетінің ұғымы жұмыскердің нормативтік талаптарды сақтаумен қатар, жұмыстың қауіпсіз орындалуы үшін өз жауапкершілігін түсінуді қамтиды.
Біздің қазіргі кезеңдегі міндетіміз ресми қауіпсіздік процедураларын сақтауды ғана емес, сонымен қатар ҚазМұнайГаздың әр жұмыскерін оларды жетілдіруге ынталандыру болып табылады.
Сондықтан қауіпсіздікті және еңбекті қорғау мәселелеріндегі көшбасшылық тек қана жоғары және орта буын басшыларынан ғана емес, сондай-ақ барлық қол жетімді байланыс құралдары пайдаланылып, ҚазМұнайГаз қызметкерлері мен мердігерлік ұйымдарынан бастау алуы тиіс. 
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәдениетін дамыту – бұл үздіксіз жетілдіруге бағытталған  ұзақ процесс.
Қауіпсіздік мәселесінде тым асыра менмендік пен өз-өзіне сенушілікке жол жоқ. 
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау процестерін үнемі жетілдіріп отыру жұмыскерлерді тәртіпке баулиды және зейнді болуға үйретеді, бұл қойылған мақсатқа жету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға жол ашады.
Әрине, әлемдегі ешқандай мұнай-газ компаниясы, оның ішінде ҚазМұнайГаз да осы салада толық табысқа қол жеткіздік деп айта алмайды.
Осы мүмкіндікті пайдаланып, мен барлық жұмыскерлерге өз ісіне берілгендігі, тұрақты және тиімді компания – ҚазМұнайГаз болашағына баға жетпес үлес қосқаны үшін алғыс айтамын, сондай-ақ Сіздерге және отбасыларыңызға қауіпсіз жұмыс және 2018 жылда сәттілік тілеймін.

Құрметпен,
Сауат Мыңбаев

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх