Жаңаөзенге арнайы мамандар жетіспейді

Жаңаөзенге арнайы мамандар жетіспейді
10.04.2016
436
Әлеумет

Жаңаөзенге арнайы мамандар жетіспейді

Жыл өткен сайын Жаңаөзен қаласының тұрғындар саны артып барады. Қазіргі күннің өзінде тұрғындар үшін баспаналы болу мен қатар жұмысқа орналасу мәселесі туындауда. Қала әкімшілігі бұл жайтқа алаңдаушылық білдіріп отыр.

«Өзенмұнайгаз» – Жаңаөзендегі жұмыс беруші ең ірі мекеме. «Өзенмұнайгаз» АҚ жұмысшылары мен ҚМГ БӨ-нің Жаңаөзендегі қызмет көрсету компанияларында еңбек ететін адамдардың биылғы жылдың басындағы жалпы саны 14 мыңға жуық. Жұмыскерлердің отбасы мүшелерін қоса есептегенде, «Өзенмұнайгаз» айналасында шоғырланған адам саны шамамен 60 мыңға дейін барады. Бұл қаланың тең жартысы деген сөз.

ӨМГ-да жаңадан жұмыскер алуға мораторий жарияланғанына бірнеше жыл болды. Бұған қарамастан, Жаңаөзеннің жұмыспен қамту орталығында тіркелген адамдардың басым бөлігі тек мұнай компаниясына орналасқысы келеді. Осыған орай Жаңаөзен қаласының әкімі Елубай Әбілов Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде жұмыспен қамтылмаған тұрғындарды мұнай компанияларына орналасуға үміттенбей, өзге мүмкіндіктерді қарастыруға шақырды. Әкімнің айтуынша, қала кадрлармен толық қамтамасыз етілгенімен, медицина саласында арнайы мамандар жетіспейді, ал мектептерде физика және математика пәндері мұғалімдері тапшы. Қосымша мүмкіндік ретінде Елубай Әбілов тұрғындарға шағын кәсіпкерлікпен немесе жеке өндіріспен айналысуды ұсынды

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх