Өзенмұнайгазда пресс-тур өткізілді

Өзенмұнайгазда пресс-тур өткізілді
«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы, Жұртшылықпен байланыс департаментінің ұйымдастыруымен өлке журналистері қатысқан пресс-тур өтті. Бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаровтың өзі БАҚ өкілдерін ертіп, Өзен кенорнының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Ауқымды шара №2 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасының салынып жатқан 350 орындық әкімшілік-тұрмыстық кешен құрылысымен танысудан басталды. Бұдан соң, олар ат басын МӨҚжТКЖБ жаңа ғимаратына бұрып, озық технологиямен жабдықталған заманауи нысанды аралап шықты.
Сондай-ақ, БАҚ өкілдері Жерасты жабдықтарын жөндеу және диагностикалық цехында, өндірісте қолданатын жерасты жабдықтары – сораптық компрессорлық құбыр, штангалық тереңдік сорап және сораптық шыбықтарды жуатын заман талабына сай салынған ваннаның жай-күйінен хабардар болды.
Журналистермен кездесу барысында Мақсат Ибағаров «Біз ақпараттық қоғам заманында өмір сүрудеміз. Компанияның жеткен жетістігін жар салып насихаттап жүрген Сіздерге компания басшылығы атынан зор ризашылығымды білдіремін» – деді.
«Өзенмұнайгаз» АҚ тынысымен танысқан БАҚ өкілдері де өз тараптарынан алғыстарын білдірді.