ҚМГ БӨ 2017 жылдың операциялық нәтижелерін жариялады

ҚМГ БӨ  2017 жылдың операциялық нәтижелерін жариялады
05.02.2018
333
Өндіріс

ҚМГ БӨ 2017 жылдың операциялық нәтижелерін жариялады

26 қаңтар күні «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2017 жылдың операциялық нәтижелерін жариялады.
ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерін қоса алғанда, 2017 жылы 11 867 мың тонна мұнай өндірілді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 2 %-ға кем.

«Өзенмұнайгаз» АҚ 5 480 мың тонна өндірді, 2016 жылмен салыстырғанда 1 %-ға кем, бұл негізінен ұңғымалардың ауыспалы қорынан өндіру деңгейінің төмендеуімен байланысты. «Ембімұнайгаз» АҚ 2 840 мың тонна өндірді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 0,3 %-ға көп. Нәтижесінде, ӨМГ және ЕМГ-нің жалпы өндіру көлемі 8 320 мың тоннаны құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1 %-ға кем. 
ҚМГ БӨ-нің CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының өндіруіндегі үлесі 2017 жылы 3 547 мың тоннаны құрап, 2016 жылға қарағанда 6 %-ға кем түсті, бұл негізінен ПҚИ және ҚГМ-дағы мұнай өндіру деңгейінің табиғи жолмен азаюына байланысты болды.
Мұнайды жеткізу және мұнай өнімдерін сатуға келсек,ӨМГ және ЕМГ-нің шикі мұнайды сатуы 2017 жылы 8 233 мың тоннаны құрады, оның ішінде 5 700 мың тонна шикі мұнай экспортқа және 2 533 мың тонна ішкі нарыққа шығарылды, бұл жалпы сату көлемінің 31 %-ын құрайды. Компанияның ішкі нарыққа шикі мұнай жеткізілімдерінің үлесі 2016 жылы 41 %-ды құрады. 
ӨМГ және ЕМГ ішкі нарыққа жөнелткен 2 533 мың тонна шикі мұнайдың 1 909 мың тоннасы Атырау мұнай өңдеу зауытына және 624 мың тоннасы Павлодар мұнай-химия зауытына жеткізілді. 
Мұнайдың дербес процессингі схемасына сәйкес 2017 жылы мұнай өнімдерін сату 2 388 мың тонна мұнай өнімдерін құрады. 
CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлеміндегі ҚМГ БӨ-ге тиесілі үлесі 3 414 мың тонна мұнайды құрады, оның ішінде 1 443 мың тонна мұнай экспортқа және 1 971 мың тонна ішкі нарыққа шығарылды, бұл компаниялардың жалпы сату көлемінің 58 %-ын құрайды. 
Компанияның CCEL, ҚГМ және ПҚИ-дағы үлестерінде мұнай жеткізу құрылымы 2016 жылмен салыстырғанда, 2017 жылы мынадай болып өзгерді: жалпы сату көлемінен экспортқа жеткізу үлесі үлесі 50 %-дан 42 %-ға дейін төмендеді, ішкі нарыққа жеткізу үлесі 50 %-ден 58 %-ге дейін артты. 
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх