Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатын иеленді

Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатын иеленді
05.02.2018
341
Қызметкерлер

Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатын иеленді

«Ембімұнайгаз» АҚ Қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу департаментінің директоры Гүлбану Шарафетдинова компанияда дуалды оқыту жүйесін енгізуге және дамытуға зор үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. 
Түсіндіре кетсек, 2015 жылдың күзіне қарай «Ембімұнайгаз» АҚ Атырау мұнай және газ институты және «АРЕС Petrotechnic» Жоғарғы техникалық мектебімен бірігіп, студенттерді дуалды оқыту бойынша пилотты жобаны іске қосқан болатын. Отандық мамандарды дайындауда үш бағыт бойынша, атап айтқанда, дуалдық оқыту жүйесі, шәкіртақылы бағдарлама және студенттердің өндірістік тәжірибесін ұйымдастыру бойынша еліміздің жоғары және орта-арнаулы оқу орындарымен әріптестік қарым-қатынас орнатты. Пилотты жобаға алғашында 3-4 курстың 34 студенті қатысқан болатын, бүгінгі күнге 69 студентті қамтыды. 69 студентке «Ұңғымаларды зерттеу операторы» біліктілігі берілді. Оның ішінде 19 стажер «Қондырғыларды сусыздандыру және тұзсыздандыру операторы», 20 стажер «Мұнайгаз өндіру операторы» біліктілігіне ие болды. Тестілеу кезінде жоғары балл алған 16 жас маман Компанияға жұмысқа алынды. Айта кетерлігі, 2018 жылы дуалды оқыту жүйесіне қатысу үшін 24 студент «Геология және пайдалы қазбалары бар кен орындарын барлау», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Мұнай кен орындарын игеру және пайдалану» мамандықтары бойынша іріктеуден өтті. Енді олар өндіріске тәжірибеден өтуге жіберіледі. Бұл бүгінгі жас мамандарға жасалып отырған үлкен мүмкіндік. «Компания басшылығы қолдап, табысты жүзеге асып келе жатқан жобаны іс жүзінде қолданысқа енгізіп отырған Гүлбану Әбутәліпқызы мен оның командасына алдағы уақытта да зор жетістіктер тілейміз», – деді ЕМГ басқарма төрағасы Ә.Жақсыбеков. Мұнай компаниясының маманы Білім министрлігінің алғысын алуы – ол үлкен жетістік. Марапатыңыз құтты болсын, әріптес!
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх