Көлікпен қамту – «Ембімұнайгаз» АҚ-ның негізгі бағыты

Көлікпен қамту –  «Ембімұнайгаз» АҚ-ның негізгі бағыты
05.02.2018
273
Трансформация

Көлікпен қамту – «Ембімұнайгаз» АҚ-ның негізгі бағыты

«Ембімұнайгаз» АҚ-да Трансформация бағдарламасы аясында бірқатар жобалар сәтті жүзеге асуда. Солардың бірі – 2016 жылы «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында пилоттық режимде енгізілген Көлікпен қамту үдерісінің тиімділігін арттыру жобасы. Бұған дейін «Мұнайлы мекен» газетінің беттерінде біз аталмыш жобаны енгізудегі тәжірибе туралы кеңінен айтқан болатынбыз (№21, 09.12.2016 ж; №8, 25.04.2017 ж.). Ал, енді жобаның қазіргі жағдайы жөнінде баяндамақпыз.  

 

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның келешек даму жөніндегі басқарушы директоры 
Әлихан БАЙДҮЙСЕНОВ:
– Көлікпен қамту үдерісінің тиімділігін арттыру жобасы аяқталуға жақын. Қазіргі таңда біз жобаны жақында құрылған көлік департаментіне тапсыру жұмыстарын жүргізудеміз. Бұл департаментке барлық өндірістік құрылымдық бөлімшелерде құрылып жатқан көлік қызметтері қарайды.   
2017 жылы «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында пилоттық жобаны жүзеге асыру тәжірибесі негізінде Компанияның барлық өндірістік құрылымдық бөлімшелерінде автопарктер жаңартылып, жоғарғы жабдықтарда отын шығынын есептеу қондырғысын тәжірибелік-өнеркәсіптік сынау жұмыстары жүргізілуде. Ұзақ мерзімді өндірістік бағдарлама жасақталды, жоспарлау және цехтар бойынша көліктік шығындарды бөлу жүйесі енгізіліп, жанар-жағар май (ЖЖМ) шығыны көлемдері реттелді. Көліктік қамту үдерісін орталықтан басқару жүйесі құрылып, нормативті-әдістемелік, регламенттік құжаттар мен қызметтің нақты көрсеткіштері жасақталды.  Аз ғана уақыттың ішінде аталған жоба аясында 16 нормативті-құқықтық құжат пен басшылық қызметінің нақты көрсеткіштері жасақталып, келісілді. Жоғарғы жабдықтарда отын шығынын есептеу қондырғысын тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға беру жұмыстары жүргізіліп, көліктік қамтуды автоматтандырудың жаңа жобасы шеңберінде басқа өндірістік құрылымдық бөлімшелерге (ӨҚБ) таралады. Алайда, мәселе түбегейлі шешілді деуге әлі ерте. Сондықтан, көлікпен қамту үдерісінің тиімділігін арттыру жұмыстары жалғасады. 

Абат ҚҰТЖАНОВ, 
«Ембімұнайгаз» АҚ-ның өндіріс жөніндегі басқарушы директоры:
– 2018 жылы көлікпен қамту үдерісінің тиімділігін арттыру жұмыстары аясында «Ембімұнайгаз» АҚ-да көлікті бөлек есепке алу және автоматтандыру бойынша жаңа жоба қолға алынбақ. Бұл жобаны енгізудегі мақсат – мұнай өндіру өзіндік құнының азаюы, көліктік қызмет сапасын арттыру, арнайы техника паркін жаңарту және одан әрі дамыту.   
Қазіргі таңда параллельді түрде тендерлік құжаттарды дайындау және теникалық зерттеу процестері жүруде. Жобаны жүзеге асыру кезінде біз төмендегідей нәтижелерді күтеміз:
■    Паркті пайдалану, техникалық дайындық коэффициенттерін арттыру, көлікті тиімді пайдалану; 
■    көлік шығынының ашықтығы;  
■    техника бірліктерінің өндіруді қолдау бойынша шаралардағы қатысын есепке алу;
■    «Ембімұнайгаз» АҚ үшін бөлек есептеу аналитикалық моделіне негізделіп жүргізілген шешімдерге орай оңтайландыру есебінен экономикалық тиімділік алу;
■  арнайы техникалардың колонналарында доңғалақ, аккумуляторлық батареялар, жанар-жағар май, қосалқы бөлшектер, жөндеулер есебін жүргізу бойынша қол жұмысын (қағазбастылықты) 80%-ға қысқарту;
Жобаны жүзеге асырудың болжамды мерзімі: 2018 жылдың соңына дейін. 
Біз бұл жоба да көлікпен қамту жобасы секілді сәтті боларына сенеміз. 
Жалпы алғанда, «Ембімұнайгаз» АҚ Трансформация бағдарламасы шеңберінде өз алдына үлкен міндеттер қойып отыр: ұжымдық мәдениетті арттыру, озық технологияларды енгізу және мұнай-газ саласындағы жоғары технологиялы компаниялар қатарына ену. 

«Ембімұнайгаз» АҚ мониторинг және көлік есебін жүргізу бөлімінің бастығы
 Қуандық ҚАЛАУОВ: 
– Ағымдағы жылдың қараша айында Көлікпен қамту жобасы аясында жасақталған бастамаларды енгізудегі прогресті қадағалау және мониторинг жүргізу мақсатында компаниямыздың барлық мұнай-газ өндіру басқармаларын араладық. Жұмыс сапарлары барысында басшылармен, механиктермен, көлік колонналары диспетчерлерімен, соның ішінде, «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында – Елеусін Ризуановпен, «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында – Құндыз Исмұқашевамен, «Доссор» мұнай-газ өндіру басқармасында – Мақсот Қазиевпен және «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында – Айхан Сағынғалиевпен кездесіп, әңгімелестік. Олардың барлығы көлікпен қамтудың жаңадан жасақталған кестесі тиімді және ыңғайлы екендігін атап өтті. Бұл кесте жүргізушілермен қатар, көлікті ұйымдастыру жұмыстарын да жақсы бақылауды қамтамасыз етеді.  
– Механиктер мен диспетчерлер жұмыс орындарында сұраныс, жол парақтары, ЖЖМ бақылау және есептеу таблицасының жаңадан жасақталған формасын тиімді әрі ыңғайлы деп бағалап отыр. Олардың мәлімдеулерінше, жаңа әдіс қабылдау, беру және есептен шығару есебін калькуляциялауға кететін уақыт пен ЖЖМ үнемдейді.  
Бүгінгі таңда барлық МГӨБ-де автопарктерді жаңарту жүріп жатыр, ескі, қолданыстан шыққан техникалар есептен шығарылуға дайындалуда. Автотұрақтар қосымша арнайы жабдықтармен,V-пішіндес қозғалтқыштарды шашып-жинауға арналған стенділермен, құрал-саймандарға арналған жиынтықтармен, т.б. жабдықталуда. Слесарьлар мен жүргізушілердің жалпы пікірінше, жаңа қондырғы көлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын анағұрлым сапалы орындауға мүмкіндік береді. 
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх