Ембіде – жаңа арнайы техникалар

Ембіде – жаңа арнайы техникалар
05.02.2018
253
Өндіріс

Ембіде – жаңа арнайы техникалар

«Ембімұнайгаз» АҚ-да өндіріске арнайы техникалар алу жұмысы жанданып, өндіріс ошақтары жаңа техникалармен толығуда. Соған сәйкес, бүгінгі таңда барлық мұнай-газ өндіру басқармаларында автопарктерді жаңарту жүріп жатыр. Жыл соңында Жылыойда 16, Жайықта 15, Қайнарда 8, Доссорда 8, Энергода 2, ӨТҚжЖК-де 1 бірлік арнайы техникалар алынған. Алдағы бесжылдықта ЕМГ бойынша бүкіл арнайы техниканы түгел жаңарту жоспары қойылып отыр, өйткені қазіргінің басым бөлігі ескірген. Сол себепті, ескі, қолданыстан шыққан техникалар есептен шығарылуда болса, жаңалары өндіріске қажеттілігін өтеуде. Прорва арнайы техникалар керуенінің бастығы Махамбет Имановтың айтуынша, қазіргі уақытта керуенге қарасты 76 бірлік арнайы техника болса, жаңадан тағы 8 бірлік техника келді. Олардың ішінде, су, май таситын көлік, техникаларды, ұңғымаларды бумен тазалау техникасы, арнайы ұзын тұрбалар таситын және ауыр да көлемді жүктерді тасымалдауға арналған техникалар бар. Құлсары арнаулы техникалар және автокөлік керуенінде де осындай техникалармен қоса автокрандар келіп, олар бүгінде Қосшағыл, Ақінген, Қаратон, Қисымбай, т.б. кен орындарында өндірісте қолданылуда. Автопарктер қосымша арнайы жабдықтармен, әр түрлі стенділермен, құрал-саймандарға арналған жиынтықтармен, т.б. жабдықталуда. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх