Халықаралық стандарттар енгізілуде

Халықаралық стандарттар енгізілуде
05.02.2018
286
Өндіріс

Халықаралық стандарттар енгізілуде

Қазіргі таңда әрбір кәсіпорын шығарылатын өнімі мен көрсетілетін қызметінің сапасын сақтау, жұмыскерлері және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән береді. Бұл орайда «Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы» ЖШС де әлемдік тенденциялар мен талаптардан артта қалмай, заманға сай ілесіп отырады. Биыл Басқарма өзінің даму стратегиясына сәйкес ISO-ның сапа менеджменті жүйесі, кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық менеджменті жүйесі және экологиялық менеджмент жүйесінің жаңа халықаралық стандарттарын енгізе бастады. 
Стандарттарды енгізу аясында жұмыстар үш кезеңнен тұрады. Бұл жұмыстарды «Стандарттау жөніндегі ғылыми-техникалық орталық» ЖШС жүргізді. Қазіргі уақытта кәсіпорынды диагностикалау аяқталды. Әкімшілік-басқару аппаратының қызметкерлері және негізгі инженерлік-техникалық қызметкерлермен бірге өндірістегі жұмыскерлер оқытылды. 
Оқуға бөлім және өндірістік құрылымдардың жетекшілері ғана емес, сондай-ақ Серіктестік басшылығы қатысты. Барлығы 79 адам оқудан өтіп, жаңа стандарттармен танысты.
Стандарттар енгізілгеннен соң, кәсіпорын арнайы сертификаттар алатын болады. Сертификаттар жүйелердің дұрыс әрі толыққанды жұмысына кепілдік берумен қатар, осы салалардағы ықтимал қауіп-қатерлерді жою үшін бірқатар процедуралардың бар екенін растайды. Компанияның ұзақ жылдар бойы халықаралық стандарттарға сәйкес болуы оның тұрақтылығын және шығаратын өнімі, көрсететін жұмыстар мен қызметтері сапасының дәлелі болып табылады.  

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх