№24 топтық қондырғыда – жаңа ғимарат

№24 топтық қондырғыда – жаңа ғимарат
16.02.2018
352
Өндіріс

№24 топтық қондырғыда – жаңа ғимарат

«Өзенмұнайгаз» АҚ №4 МГӨБ, №4 МГӨЦ-ына қарасты №24 топтық қондырғысында заман талабына сай салынған жаңа нысанның құрылысы аяқталып, мұнайшылар игілігіне берілді. Нысанның салтанатты ашылуына қатысқан Жұртшылықпен байланыс департаменті директоры Әділ Сүйебай, Күрделі құрылыс департаменті директоры Феликс Ізекенов, №4 МГӨБ директоры Қанағат Мыңтұрғанов, №4 МГӨБ Кәсіподақ төрағасы Ибайдулла Әмеловтер әріптестерін құттықтап, қуаныштарымен бөлісті. «Біздің басқармада 19 топтық қондырғы болса, қазіргі таңда оның 17-сі жаңадан салынды. Бұл-компанияда жұмысшы мамандығының мәртебесі жоғары екендігінің куәсі. Ел игілігі үшін атқарып жүрген жұмыстарыңыз жемісті болсын. Нысандарыңыз құтты болсын!», – деді басқарма директоры Қанағат Мыңтұрғанов. Жаңа нысанның символикалық кілтін мердігер компания «Аңсар» ЖШС-нің директоры Орынбай Қармысов №4 МГӨЦ бастығы Саламат Жұмабековке салтанатты түрде табыс етті. Нысанның лентасын басқарма директоры Қанағат Мыңтұрғанов пен №4 МГӨЦ бастығының орынбасары Қожабек Нұрлыбаев қиды.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх