Ембіде – Беларусь кәсіпкерлері

Ембіде – Беларусь кәсіпкерлері
16.02.2018
268
Экономика

Ембіде – Беларусь кәсіпкерлері

Бүгінгі жаһандану заманында мемлекетаралық іскерлік байланыс қарқын алып отырғаны рас. Соған орай жуырда «Ембімұнайгаз» АҚ бас кеңсесіне Беларусь мемлекетінен кәсіпкерлік саласында табысты еңбек етіп жүрген делегация келді. Оларды ЕМГ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Айболат Ғабдуллин қабылдап, компанияның бүгінгі тынысымен, жаңа технологиялар, өндірістік жетістіктер туралы қысқаша таныстырып өтті. Беларустық қонақтарды қызықтыратыны әрине әріптестік байланыс. Соған сәйкес, делегацияны бастап келген «Беларусь сауда өнеркәсіп палатасы Гомель бөлімшесінің» бас директоры Марина Филонова Қазақстан-Беларусь екі еларалық кәсіпкерлік байланыстың ұзақ жылдардан Атырау облысында бірнеше салада ынтымақта жүріп келе жатқанын атап өтті. Жалпы, Беларусияның жері ауылшаруашылығына бейім болғандықтан мұнда бұл салада қарқынды даму бар. Делегация құрамындағы бұрғылау, күрделі құрылыс, жол құрылысы, жобалау мекемелері, газ өңдеу, темірбетон шығару, өртке қарсы құралдар шығаратын, т.б. беларустық әр түрлі сала кәсіпкерлері ембілік мамандармен алдағы әріптестік қарым-қатынас орнату мүмкіндіктері туралы әңгімелесті. 


 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх